top of page
Өнер мен суретшілер
Мұражай коллекциясының негізгі қоры Нұрлан Смағұловтың жинағынан тұрады. Мұражайдың негізін қалаушы кейінгі отыз жылда жинап, мұқият сақтаған қазақстандық өнер шеберлерінің 700 туындысын қорға өткізіп отыр.

Бастапқыда Смағұлов Алмагүл Меңлібаева, Эдуард Казарян және Асқар Есдәулетов сияқты өз замандастарының жұмыстарын жинаған. Біртіндеп алпысыншы жылдардағы қазақстандық суретшілердің шығармашылығына аңсары ауып, ал кейіннен халықаралық модернизм мен заманауи өнер туындыларын да жинай бастаған.
Бүгінде Almaty Museum of Arts коллекциясында Айша Ғалымбаева, Салихитдин Айтбаев, Молдахмет Кенбаев, Исатай Исабаев, Мақым Қисамединов, Рысбек Ахметов, Шаймардан Сариев, Тоқболат Тоғызбаев, Жаңатай Шәрденов сияқты көрнекті қазақстандық шеберлердің туындылары бар. Сонымен бірге біраз өмірін Қазақстанда өткізген Сергей Калмыков, Сэрэнжаб Балдано және Павел Зальцман бастаған суретшілердің туындылары да енді.
bottom of page










