top of page
PwC-182 1.jpg

Almaty Museum of Arts меценаттары мен патрондарының бағдарламасы  (Patrons Circle)

Almaty Museum of Arts меценаттары мен патрондарының бағдарламасы (ALMA) өнерге қызығушылық танытатын, музей құндылықтарын бөлісетін және оған қаржылық әрі сараптамалық қолдау көрсетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азияның мәдени кеңістігін қалыптастыруға білек сыбана кірісуге даяр коллекционерлер, зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер мен көшбасшылардың басын қосады.

Patrons Circle-дің мүшесі болу – тәуелсіз музейдің қалыптасуына тікелей атсалысып, ұлттық және жаһандық мұраға саналы үлес қосу мүмкіндігі.

Бағдарлама туралы

AA-BV--1270 (1).jpg

​Жер-жаһанның жетекші музейлеріне көрсетілген қолдау сол өнер ордасының көркемдік тәуелсіздігін, тұрақты дамуын және ауқымды зерттеу жобаларын жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. ALMA бұл тәжірибені өңірдің мәдени секторындағы жаңа институционал қалып ретінде орнықтыруды көздейді.

Патронның ALMA-ға қосқан үлесі – бір реттік қайырымдылық емес, өзара міндеттемелер мен артықшылықтарға негізделген, сондай-ақ қайырымдылық жасаушының есімін музей тарихында ойып тұрып қалдыратын ұзақ мерзімді серіктестік. Музей патрондар қауымдастығын болашақта стратегиялық жауапкершілікті өзара бөлісіп, музейдің мәдени күн тәртібін айқындауға қатысатын сараптамалық орган саналатын Қамқоршылар кеңесін қалыптастырудың негізі ретінде қарастырады.

Give as a gift

Бағдарламаға қатысушылардың жарналары музейдің негізгі академиялық және қоғамдық бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталады:

Қолдау көрсету бағыттары

Мұраны сақтау (Қалпына келтіру бағдарламасы):

Мамандар қалпына келтірмеген жағдайда біржола жоғалып кетуі мүмкін өнер туындыларын сақтап қалу және кәсіби реставрациядан өткізу.

Баспагер бағдарламасы:

Орталық Азия өнерін жүйелі түрде құжаттап, оны халықаралық музей кеңістігіне енгізетін ғылыми каталогтар мен зерттеу еңбектерін шығару.

Қоғамдық бағдарлама:

Академиялық білімді кең аудиторияға қолжетімді ету мақсатында дәрістер, пікірталастар, кино және театр көрсетілімдері, сондай-ақ музыкалық кештер өткізу.

  • 2 ересек

  • Барлық базалық артықшылықтар

  • Мұражайға жеке-жеке келу мүмкіндігі

Зерттеу бағдарламасы:

Туындылардың атрибуциясын дәл анықтау және өңір өнерінің жаһандық өнер тарихындағы орнын айқындау үшін жүйелі ғылыми зерттеулер жүргізу.

Жұп

65 000 ₸

Жұп

65 000 ₸

Отбасы

90 000 ₸

  • 2 ересек + 3-тен көп емес бала саны

  • Барлық базалық артықшылықтар

  • Отбасылық және балаларға арналған бағдарламалар

Премиум

150 000 ₸

  • 1 ересек + 2 қонақ

  • Барлық базалық артықшылықтар

  • Жабық іс-шаралар мен орын таңдау артықшылығы

Патрондардың санаттары мен оларға берілетін артықшылықтар

DSC05902.jpg

Бағдарлама қатысушыларына мүше болудың төрт деңгейі қарастырылған. Әр деңгей музеймен екеуара жүретін қарым-қатынастың арнайы мүмкіндіктерін ұсынады. Олардың қатарында жабық іс-шараларға қатысу, жеке экскурсиялар және халықаралық сарапшылармен кездесулер бар.

 

Silver патрон

Жарна мөлшері: жылына 3 000 000 ₸ бастап

  • Құрмет көрсету: Патронның есімін ресми сайтта және жобаның жылдық есебінде жариялау.

  • Гала-кеш: Музейдің жыл сайынғы Гала-кешіне 1 адамға жеке шақыру (жаңа толықтырулар, көрмелер мен халықаралық жобалардың таныстырылымы).

  • Жабық көрсетілімдер: Көрмелердің жабық превьюлеріне, арнайы жобалар мен пре-коктейльдерге 1 адамға жеке шақыру.

  • Абонемент карталары: Патронның отбасы, достары мен серіктестеріне арналған 5 атаулы Dostar абонемент картасы.

  •  Жеке экскурсиялар: Музей ашылғанға дейін немесе жабылғаннан кейін патронның қонақтары мен серіктестеріне жылына 1 рет жеке экскурсия өткізу.

  • Жеке кездесулер: Кураторлармен, суретшілермен, сәулетшілермен, реставраторлармен, зерттеушілермен және музей командасымен 1 адамға арналған 1 жеке кездесу.

Gold патрон
Жарна мөлшері: жылына 5 000 000 ₸ бастап

  • Құрмет көрсету: Патронның есімін музей ғимаратындағы Патрондар тақтасына (Patron Wall), ресми сайтта және жобаның жылдық есебіне жазу.

  • Гала-кеш: Музейдің жыл сайынғы Гала-кешіне 2 адамға жеке шақыру.

  • Жабық көрсетілімдер: Көрмелердің жабық превьюлеріне, арнайы жобалар мен пре-коктейльдерге 2 адамға жеке шақыру.

  • Dostar абонементтері: Патронның отбасы, достары мен серіктестеріне арналған 10 атаулы Dostar абонементі.

  • Жеке экскурсиялар: Музей ашылғанға дейін немесе жабылғаннан кейін патронның қонақтары мен серіктестеріне жылына 2 жеке экскурсия.

  • Жеке кездесулер мен кешкі ас: Кураторлармен, суретшілермен, музей басшылығымен және халықаралық жобаларға шақырылған қонақтармен жылына 1 жеке кездесу немесе 1 адамға арналған 1 кешкі ас.

Platinum патрон
Жарна мөлшері: жылына 10 000 000 ₸ бастап

  • Құрмет көрсету: Патронның есімін Патрондар тақтасына (Patron Wall), ресми сайтта және жобаның жылдық есебіне жазу.

  • Медиада атап өту: Патронмен алдын ала келісіп, бағдарламаның медиаматериалдары мен баспасөз релиздерінде арнайы атап өту.

  • Гала-кеш: Музейдің жыл сайынғы Гала-кешіне 2 адамға жеке шақыру.

  • Жабық көрсетілімдер: Көрмелердің жабық превьюлеріне, арнайы жобалар мен пре-коктейльдерге 2 адамға жеке шақыру.

  • Dostar абонементтері: Патронның отбасы, достары мен серіктестеріне арналған 20 атаулы Dostar абонементі.

  • Жеке экскурсиялар: Музей ашылғанға дейін немесе жабылғаннан кейін патронның қонақтары мен серіктестеріне жылына 4 жеке экскурсия.

  • Жеке кездесулер мен кешкі астар: Кураторлармен, суретшілермен, музей басшылығымен және шетелдік сарапшылармен жылына 2 жеке кездесу немесе 2 адамға арналған 2 кешкі ас.

  • Эксклюзив принт: Музей таңдаған суретшінің 1 эксклюзивті принті (Limited Edition, сатылымға шығарылмайтын арнайы тираж).

 

Diamond патрон
Жарна мөлшері: жылына 25 000 000 ₸ бастап

  • Құрмет көрсету: Патронның есімін Патрондар тақтасына (Patron Wall), ресми сайтта және жобаның жылдық есебіне жазу.

  • Медиада атап өту: Патронмен алдын ала келісіп, бағдарламаның медиаматериалдары мен баспасөз релиздерінде арнайы атап өту.

  • Гала-кеш: Музейдің жыл сайынғы Гала-кешіне VIP-орындарға 4 адамды жеке шақыру.

  • Жабық көрсетілімдер: Көрмелердің жабық превьюлеріне, арнайы жобалар мен пре-коктейльдерге 4 адамға жеке шақыру.

  • Dostar абонементтері: Патронның отбасы, достары мен серіктестеріне арналған 25 атаулы Dostar абонементі.

  • Жеке экскурсиялар: Музей ашылғанға дейін немесе жабылғаннан кейін патронның қонақтары мен серіктестеріне жылына 15 жеке экскурсия.

  • Жеке кездесулер мен кешкі астар: Кураторлармен, суретшілермен, музей басшылығымен және халықаралық қонақтармен жылына 5 жеке кездесу немесе 4 адамға арналған 5 кешкі ас.

  • Эксклюзив принт: Музей таңдаған суретшінің 3 эксклюзив принті (Limited Edition, сатылымға шығарылмайтын арнайы тираж).

  • Стратегиялық қатысу: Музейдің стратегиялық сессияларына қатысу және оның көркемдік саясатына ықпал ету мүмкіндігі.

  • Атаулы жоба: Жарнаны музей ұсынған нақты атаулы жобаға бағыттау мүмкіндігі.

Сәулетке қашау: Патрондар тақтасы (Patron Wall)
 

Gold, Platinum және Diamond деңгейлеріндегі бағдарлама қатысушыларының есімдері музей ғимаратының басты кіреберісіндегі Патрондар тақтасына (Patron Wall) жазылады. ALMA-ның қасбет бөлігіндегі кортен-болат панельдерге берік анодталған алюминийден құйылған қабырғаға патрондар есімдері мен логотиптер қашалады.

Сізді Patrons Circle бағдарламасының алғашқы қатысушыларының қатарынан көруге қуаныштымыз.


Қатысу шарттарын талқылау, жеке артықшылықтар пакетіне келісім беру немесе музейдің нақты жобаларына мақсатты қолдау көрсету мәселелері бойынша бағдарлама командасына хабарласыңыз:

Патрондар бағдарламасының жетекшісі

 

Гауhар Сәтбаева

Email: patrons@almaty.art

Бағдарламаға қосылу

bottom of page