top of page
фото конактар.jpg

Алматыдағы өнер оқиғалары

Almaty Museum of Arts-та Алматыдағы алдағы өнер оқиғаларын зерттеңіз. Дәрістерді, воркшоптарды және мәдени бағдарламаларды қарап, сапарыңызды жоспарлаңыз. Барлық көрмелерді қараңыз.

ALMA baige.png

«Мүсіндер» көрмесінің кураторы Әлия Тизенгаузенмен кездесу өтеді

10 қыркүйек, 2026
18:00

«Мүсіндер: 1950 жылдардан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан мүсін өнері» көрмесінің қоғамдық бағдарламасы аясында көрме кураторы Әлия Тизенгаузен мен Almaty Museum of Arts көркемдік жетекшісі Меруерт Қалиеваның қатысуымен кездесу өтеді.

ALMA baige.png

Nobai: Musinder

10 қыркүйек, 2026
16:00-19:00

«Мүсіндер» көрмесінің ашылуына орай, оларды жаңа қырынан танып-білуге шақырамыз. Карточкалардағы тапсырмаларды орындап, «Мүсіндер» әлемін бізбен бірге зерттеп көріңіздер.

ALMA baige.png

ALMA Storytime

Балаларға арналған кітап оқу және шығармашылық клубы

16 қыркүйек, 2026
11:30-12:15

Сәлем, Алматы! Сәлем, қыркүйек!

Осы қыркүйекте «Сәлем, Алматы!» кітабын парақтай отырып, сүйікті қаламызды шарлап шығамыз! Оның көшелері мен саябақтарын кезіп, тарихи ғимараттардың құпиясына қанып, Алматыда із қалдырған танымал тұлғалармен танысамыз. Бастысы, қалаға бала көңілмен, кішкентай зерттеушілердің көзімен қараймыз!

ALMA baige.png

Aşyq Şeberhana:⁠ Қағаз мүсіндер

Еркін форматтағы арт белсенділік

19 қыркүйек, 2026
13:00-16:00

«Мүсіндер» көрмесінің ашылуына орай, пішін, түс және композицияны сан құбылтып, ойната отырып, қағаздан мүсін жасаңыз.

ALMA baige.png

Craft Night

Ай сайынғы қолөнер клубы

22 қыркүйек, 2026
18:00-20:00

Біз алдыңнан тіскебасар тосайық, сен өзіңнің крафт жобаңды ала кел. Қиялыңа да, қолыңа да ерік бер. Шебер шешей боп, бізбен бірге chill-дат!

ALMA baige.png

OPEN CALL: JAS Photo

Экспериментал фотосурет курсы

26 қыркүйек – 28 қараша 2026

Экспериментал фотосуретке түсіруді үйрететін Jas Photo аталатын алғашқы курсымызға open call жариялаймыз!

Курс аясында өтетін 10 сабақта фотоөнердің негіздерін меңгересіз. Камераның қалай жұмыс істейтінін түсініп, өнерге жаңаша көзқараспен қарап, оны талдауға дағдыланасыз, шығармашылық ізденіске тереңінен бойлайсыз. Курс соңында қатысушылардың жұмыстарының көрмесі өтеді. Сабақты фотограф Нұртас Сисекенов жүргізеді.

bottom of page