top of page
Дүкенімізде жергілікті және аймақтық шеберлердің туындылары ұсынылған. Мұнда сіз өңіріміздің талантты авторлары жасаған ерекше заттарды таба аласыз. Үйге арналған әсем заттар, кітаптар, кәдесыйлар мен басқа да бірегей туындылар  мұқият іріктелген. Бұл – Орталық Азия шеберлерінің төл өнерін іздейтіндер үшін таптырмас орын. Дүкеннің әрбір заты мәдени мұраны терең түсінуге, тәжірибе алмасуға және шығармашылыққа деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.

Baskur

Басқұр – көшпенділер үйінің дәстүрлі жасау-жабдықтарын заманауи керамика тілінде жаңаша пайымдау. Коллекция атауы мерекелік киіз үйдің ішін айнала қоршап тұратын сәнді бау – «басқұр» сөзінен шыққан. Басқұр тек әдемі өрнек қана емес, ол үйдің тәртібін, қорғанышы мен салтанатын білдірген. Біз осы қағидаларды қазақ ою-өрнегінің графикалық интерпретациясына негіз етіп алдық. Бұл топтама әрі көз тартарлық әсем, әрі күнделікті қолданысқа өте ыңғайлы. 

Қолға ұстағанға ыңғайлы, көз қуантатын әрі тарихтан сыр шертетін бұйымдар әр күніңізге ерекше реңк береді деп сенеміз. 

Әр бұйым Алматы қаласында қолмен жасалған.

Almaty.art Термосы

Материал — тот баспайтын болат
Көлемі — 700 мл
Өлшемі — 7,5 × 27 см
Дизайн — бірнеше түрі бар

Бағасы: 10 000 теңге

Almaty.art Термосы
Buy

Басқұр тәрелкесі (сопақ түрі)

Басқұр тәрелкесі беті ерекше өрнектермен безендірілген. Пішіні қарапайым әрі жылтыр қапталғандықтан, бұл тәрелкені кез келген жерде қолдануға болады: дастарқанға тамақ салсаңыз да, үйдің ішіне сән ретінде қойып қойсаңыз да жараса кетеді.

Материалы – жартылай фарфор
Қаптамасы – жылтыр глазурь
Ұзындығы – 27 см
Ені – 29 см
Биіктігі – 1,5 см
Әр бұйым Алматы қаласында қолмен жасалған.

Басқұр тәрелкесі (сопақ түрі)
Buy

Басқұр тәрелкесі (диаметрі 25 см)

Басқұр тәрелкесі беті ерекше өрнектермен безендірілген. Пішіні қарапайым әрі жылтыр қапталғандықтан, бұл тәрелкені кез келген жерде қолдануға болады: дастарқанға тамақ салсаңыз да, үйдің ішіне сән ретінде қойып қойсаңыз да жараса кетеді.

Материалы – жартылай фарфор
Қаптамасы – жылтыр глазурь
Диаметрі – 25 см / 28 см
Биіктігі – 1,5 см
Әр бұйым Алматы қаласында қолмен жасалған.

Басқұр тәрелкесі (диаметрі 25 см)
Buy

Басқұр кесесі

Басқұр кесесі пеште жоғары температурада күйдірілген жартылай фарфордан қолмен құйылып жасалған.
Сырты қанық көк немесе ашық қызыл түсті, ал ішкі жағындағы нәзік гүл өрнегі көне дәстүр мен заманауи қарапайымдылықты үйлестіріп тұр.
Түрлі түсті кеселерді қалауыңызша араластырып немесе «Басқұр» шәйнегімен жинақ қылып қолдануға болады. Бірге қойғанда дастарқанның сәнін келтіретін өте әдемі жиынтық шығады. Әр бұйым қолдан шыққандықтан, олардың өрнегі мен түсінде аз-маз өзгешеліктер болуы мүмкін, бұл оның қайталанбас екенін білдіреді.
Әр бұйым Алматы қаласында қолмен жасалған.

• Көлемі: 170 мл
• Биіктігі: 6 см
• Диаметрі: 11 см
• Материалы: жартылай фарфор, пеште жоғары температурада күйдірілген
• Қаптамасы: сыртқы және ішкі жағында глазурь
• Күтімі: ыдыс жуатын машина мен микротолқынды пеште қолдануға болады

Басқұр кесесі
Buy

Басқұр шәйнегі

Шәйнектің қарапайым пішіні мен бетіндегі жаңару нышаны іспетті гүл өрнектері бір-бірімен әдемі үйлескен. Ақ түсті жылтыр шәйнектің қақпағы мен тұтқасы топтаманың негізгі түстеріне сай қанық бояумен ерекшеленіп тұр.
Ықшам дизайны мен 1 литр көлемінің арқасында бұл шәйнек күнделікті шай ішуге де, мерекелік дастарқанның сәнін ашуға да өте қолайлы.

Материал – жартылай фарфор
Көлемі – 1 л
Ұзындығы – 21 см
Ені – 13 см
Биіктігі – 16,5 см
Қаптамасы – жылтыр глазурь
Әр бұйым Алматы қаласында қолмен жасалған.

Басқұр шәйнегі
Buy
bottom of page