Almaty Museum of Arts — заманауи өнердің жаңа мәдени нышаны. Бұл жерде Орталық Азия мен әлемнің суретшілері ой-пікір алмасып, шығармашылық диалог орнатады.
Сейсенбі – Жексенбі: 11:00-ден 21:00-ге дейін
Дүйсенбі:
Демалыс
Мұражайға кіру 20.00-ге дейін
Назар аударыңыз: Мереке күндері кесте өзгеруі мүмкін. Соңғы ақпаратты біліп отыру үшін біздің әлеуметтік желілерімізді бақылап отырыңыз немесе мұражайдың жаңалықтарына жазылыңыз.
Мекенжай: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 28
(Назарбаев даңғылының қиылысы)
Бас кіреберіс – Назарбаев даңғылы бойында,
Топтар үшін кіреберіс – Almaty Theatre жағында орналасқан.
Қоғамдық көлікпен:
Назарбаев даңғылы бойындағы «Назарбаев/Әл-Фараби» аялдамасы: №2, 48 автобустар
Әл-Фараби даңғылы бойындағы «Желтоқсан» аялдамасы: №63, 86 автобустар
Жеке көлікпен:
Мұражай аумағындағы автотұраққа Назарбаев даңғылынан кіруге болады (автотұрақ ақылы, орын саны шектеулі).
- Алғашқы 15 минут тегін.
- Төлемді QR-код арқылы жасауға болады.
Кіру билеттері
-
Стандартты: 3 000 ₸
-
Жеңілдікті: 500 ₸. Мектеп оқушыларына, студенттерге, зейнеткерлерге және көпбалалы отбасыларға құжат көрсеткен жағдайда.
-
MUSEUM 365: сатып алған күннен бастап бір жыл ішінде кез келген күні келуге болады.
-
10 және одан көп адамнан тұратын топтар: visit@almaty.art мекенжайы арқылы брондау.
Тегін кіру
Растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда келесі санаттар үшін кіру тегін:
-
6 жасқа дейінгі балалар (6 жасты қоса алғанда);
-
мүгедектігі бар адамдар және олардың алып жүрушілері;
-
Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар, еңбек ардагерлері;
-
Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардан зардап шеккен адамдар;
-
CIMAM, ICOM және UNESCO мүшелері;
-
музей қызметкерлері;
-
аккредиттелген журналистер.
Экскурсиялар
-
Кесте бойынша топтық: 5 000 ₸, кіру билеті кіреді. 25 адамға дейін, 60–70 минут. Билеттер онлайн және кассада келу күнінен 7 күн бұрын сатылады.
-
Жеке: топ үшін 25 000 ₸, кіру билеттері бөлек төленеді. 20 адамға дейін, 60–90 минут.
-
Кураторлық: топ үшін 75 000 ₸, кіру билеттері бөлек төленеді. 20 адамға дейін, 60–90 минут. Бұл — туындылардың контекстіне тақырыптық тереңдеу. Жеке және кураторлық экскурсияларды guide@almaty.art мекенжайы арқылы брондауға болады.
«Достар» музей достары бағдарламасы
«Достар» жылдық абонементі мыналарды береді:
-
кезексіз кіру;
-
кураторлық экскурсиялар мен арнайы іс-шаралар;
-
басым брондау құқығы;
-
бағдарламаларға және дүкенде жеңілдіктер.
Абонементті онлайн немесе музей кассасынан сатып алуға болады.
Экскурсия жетекшісімен бірге мұражайды аралап, өнерді жаңа қырынан тану мүмкіндігі бар. Ол әр туындының тарихын баяндап, көзден таса қалған жасырын мағыналарын ашып көрсетеді.
Сізге ыңғайлы болу үшін түрлі экскурсия форматтарын ұсынамыз. Тұрақты топтық турларға қатысып немесе өз қалауыңызға сай арнайы дайындалған жеке бағдарламаны таңдауға болады.
Медиагид — біздің экспозициямен өз бетінше танысуға арналған аудиосүйемелдеу және қосымша контент.
Музей кассаларындағы QR-кодты сканерлеп, медиагидті телефоныңызда ашуға болады. Осылайша экспозициямен өз қарқыныңызбен, өзіңізге қызықты бөлімдерді таңдап, тереңірек таныса аласыз.
Медиагидтерді өз мобильді құрылғыңызда пайдалану толығымен тегін.
Сондай-ақ арнайы құрылғыны 2000 теңгеге жалға алуға болады.



