Ричард Серра
(1938, Сан-Франциско – 2024, Ориент, Нью-Йорк)
Қиылыс

Ауа райына төзімді болат
2011
Сіз қазіргі заманғы ең маңызды мүсіншілердің бірі Ричард Серраға арналған залдасыз. Салмағы 155 тонна сегіз болат тақтадан тұратын «Қиылыс» — суретшінің 2024 жылы қайтыс болар алдында орнатуға рұ қсат еткен соңғы ірі жұмысы.
Алдыңызда қазіргі заманғы ең маңызды мүсіншілердің бірі америкалық Ричард Серраның тұтас бір залға орналастырылған жұмысы тұр.
Серра тарихқа өзінің болат пен бетоннан жасалған монументалды құрылымдарымен енді, олар біздің кеңістікке, салмаққа және уақытқа қатысты қабылдауымызды өзгертеді. Оның өнерін тек алыстан тамашалау мүмкін емес, ол физикалық тұрғыда өзара әрекеттесуді талап етеді және көрерменді мүсінмен біртұтас кеңістікке тартады. Біз сіздерді мүсіннің ішінде және айналасында жүруге шақырамыз.
Серраның 2011 жылғы «Қиылыс» жұмысы биіктігі төрт метрден асатын және салмағы 155 тонна болатын сегіз болат тақтадан тұрады. Дегенмен, жасалған материалы ауыр болғанына қарамастан, мүсіннің ішінде қамауда тұрғандай сезім тумайды: керісінше, кеңістік тыныстайды, ал қадамдар мен дауыстар жаңғырық сынды естіледі.
Серраның мүсіндері, масштабымен және орнатылатын орынға қатты бейімделуімен танымал, туынды тек суретшінің жеке келісімімен ғана ауыстырылуы мүмкін. Серра 2024 жылы өмірден кетер алдында «Қиылыс» туындысын біздің мұражайда орнатуға рұқсат еткен еді. Бұл соңғы үлкен мүсін болды.
Бұл зал арнайы осы мүсінге бекітілген: үлкен терезелердің түсетін жарық мезгіл мен ауа райына қарай мүсін кейде ауыр әрі күңгірт, кейде ашық әрі жеңіл көрінеді. Біз сіздерді «Қиылыстан» жүріп өтуге, өз қадамдарыңызға құлақ түруге және кеңістіктің сіздің қозғалысыңызбен бірге қалай ашылып, өзгеретінін сезінуге шақырамыз. Егер Өнерлер көшесіндегі үлкен баспалдақ арқылы екінші қабатқа көтерілсеңіз, мүсінді жоғарыдан тұтас көре аласыз.
«Қиылыс» мүсіні жарыққа шығарған бір жыл бұрын Серра дәл сол атаумен офорттар сериясын жасаған. Онда ол «X» әрпін еске түсіретін бейнелер арқылы форма мен кеңістіктің өзара әрекетін зерттеген. Бұл графикалық жұмыстар кейінгі мүсіндердің алғашқы шарты іспетті көрінеді.
Осылайша, «Қиылыс» офорт ретінде де, монументалды инсталляция ретінде де өмір сүріп, бір өнер идеясының әртүрлі масштабтар мен медиумдерде қалай дамитынын көрсетеді.


Алмагүл Меңлібаева, «Адамдар мен жануарлар», 1997

Көрме жолсерігі

Алмагүл Меңлібаева, «Анамның көйлегіндегі кішкентай құдайлар», 1995
Меңлібаеваның шығармашылығы кескіндеме, графика, видео, фотосурет, қойылым және текстиль сияқты кең ауқымды тәсілдерден тұрады. Суретші жұмыстарында әйелдің рөлі, ұлттық болмыс, экология, энергия, неоколониализм сияқты маңызды тақырыптарды зерттейді, соның ішінде Орталық Азия халықтарының космологиясы мен мифологиясын шебер үйлестіру де бар. Меңлібаева өткен мен бүгінді жалғай отырып, аймақтағы трансформацияға бірегей көзқарас ұсынады. Бұл ретроспектива оның суретші ретінде өзін көрсету тереңдігі мен сан қырлы ерекшелігін көрсетіп қана қоймай, көшпелі халықтан бастап бүгінгі заманға дейінгі Қазақстанның мәдени мұрасына жаңаша көзқарасты айшықтай түседі. Туындылар трансформацияны көрсетумен қатар, тарих, мәдениет және жаңа болмысты іздеу тәжірибесінің өзара байланыс әлеуетін аша отырып, болашақтың визуал сценарийін де ұсынады.
Көрме суретшінің өз тамырын – соның ішінде әлеуметтік-саяси, мәдени және экономикалық негіздерін, Қазақстандағы геосаяси жағдайды – жан-жақты көркем жобалары арқылы түсінуге ұмтылысын баяндайды.
Куратор Гридтия Гавивонг
Related events
Explore the collection with a guide
Tours
Every Sunday, free

Audio tour
Tours
Every Sunday, free










