Алисия Кваде
(1979, Katowice, Poland)
Препозиция

Васа, кварцит (фин және норвег), гранит (қызыл және португалша қызғылт), мәрмәр, титанит табиғи тастары, ұнтақпен қапталған тот баспайтын болаттан жасалған металл құрылымы
2023
Мұражайдың батыс кіреберісінің алдында Алисия Кваденің «Препозиция» атты монументалды инсталляциясы тұр — Қазақстандағы жұмбақ Торыш жазығынан шабыт алған он тоғыз тас шар.
Музейдің батыс қасбеті мен Әл-Фараби даңғылына шығатын баспалдақты поляк текті неміс суретшісі Алисия Кваде арнайы біздің мұражай үшін жасаған «Препозиция» атты монументалды инсталляциясы сәндеп тұр.
Оның шығармашылығында өнер, ғылым мен философия бір арнаға тоғыстырып, тас пен металды уақыт пен кеңістікке қатысты қалыптасқан түсініктерге сыни көзқараспен қарайтын поэтикалық құрылымдарға айналдырады.
Алматыға арналған туындысын жасауға суретші Маңғыстау облысындағы тас шарларымен әйгілі Торыш жазығына жасаған сапарынан шабыт алған. Бұл жұмбақ тастардың қалай пайда болғаны әлі күнге дейін құпия.
Мүсін дүниенің түкпір-түкпірінен жеткізілген ақ каррарлық мәрмәрдан бразилиялық кварцитке дейінгі 16 түрлі сирек жыныстан жасалған 19 тас шардан құралған. Ең ірі шардың диаметрі екі метрге жетіп, салмағы он бір тонна тартады.
Орталық композиция – биік металл құрылым. Оның үстінде ілінген шарлар тартылыс күшіне бағынбай, ауада қалқып тұрғандай әсер қалдырады. Олардың орналасуы ғаламшарлар мен аспан жүйелерін көз алдына келтіреді.
Бұл туынды адамзаттың Ғаламдағы орны туралы, ғылым мен табиғаттың, поэзияның өзара тоғысуы жайында ой салады.


Алмагүл Меңлібаева, «Адамдар мен жануарлар», 1997

Көрме жолсерігі

Алмагүл Меңлібаева, «Анамның көйлегіндегі кішкентай құдайлар», 1995
Меңлібаеваның шығармашылығы кескіндеме, графика, видео, фотосурет, қойылым және текстиль сияқты кең ауқымды тәсілдерден тұрады. Суретші жұмыстарында әйелдің рөлі, ұлттық болмыс, экология, энергия, неоколониализм сияқты маңызды тақырыптарды зерттейді, соның ішінде Орталық Азия халықтарының космологиясы мен мифологиясын шебер үйлестіру де бар. Меңлібаева өткен мен бүгінді жалғай отырып, аймақтағы трансформацияға бірегей көзқарас ұсынады. Бұл ретроспектива оның суретші ретінде өзін көрсету тереңдігі мен сан қырлы ерекшелігін көрсетіп қана қоймай, көшпелі халықтан бастап бүгінгі заманға дейінгі Қазақстанның мәдени мұрасына жаңаша көзқарасты айшықтай түседі. Туындылар трансформацияны көрсетумен қатар, тарих, мәдениет және жаңа болмысты іздеу тәжірибесінің өзара байланыс әлеуетін аша отырып, болашақтың визуал сценарийін де ұсынады.
Көрме суретшінің өз тамырын – соның ішінде әлеуметтік-саяси, мәдени және экономикалық негіздерін, Қазақстандағы геосаяси жағдайды – жан-жақты көркем жобалары арқылы түсінуге ұмтылысын баяндайды.
Куратор Гридтия Гавивонг
Related events
Explore the collection with a guide
Tours
Every Sunday, free

Audio tour
Tours
Every Sunday, free












