Фернан Леже
(1881, Аржантан, Франция, – 1955, Жиф-сюр-Иветт, Франция)
Les femmes au perroquet (Тотықұс ұстаған әйелдер)

Глазурланған керамика
1954-1960 гг.
Кубизмнің негізін қалаушылардың бірі Фернан Леженің монументалды керамикалық панносында әйелдер тоты құспен бейнеленген, оның стиліне тән ашық түстер мен қатаң геометрия арқылы.
Алдыңызда қабырғада Фернан Леженің 1950-жылдары жасаған «Тоты құс ұстаған әйелдер» атты керамикалық панносы ілінген. Панно 77 керамикалық тақтайшадан тұрады, биіктігі төрт метр шамасында, ені алты метрге дейін жетеді.
Фернан Леже – француз модернизмінің елеулі шеберлерінің бірі, кубизмнің негізін қалаушы және өз стилі саналатын «тубизмнің» авторы. Ол қолданатын формалар мұржалар мен механизмдерді еске түсіреді, ал ашық түстер мен айқышты геометриясы автор шығармаларын айқын әрі кез келген адамға түсінікті етеді.
Көз алдыңызға XX ғасырдың басындағы Парижді елестетіңіз: шулы көшелер, витриналар, машиналардың үні мен жаңа технологиялардың ырғағы. Леже осы индустриялық дәуірдің жыршысына айналды. Ол баршаға арналған «демократиялық өнер» өнер туралы армандады. Сол себепті оның фрескалары, витраждары мен мозаикалары көбіне мұражайларға емес, ашық қала кеңістігіне арналған.
«Тоты құс ұстаған әйелдер» шығармасының кішігірім нұсқаларын әлемнің түкпір-түкпірінен көруге болады: Йелль өнер галереясы, Майамидегі заманауи өнер мұражайы және Франциядағы Фернан Леже мұражайы, мұнда 1951 жылғы алғашқы ақ-қара керамикалық нұсқасы сақталған. Сондай-ақ жұмыстың бір нұсқасы Сен-Поль-де-Ванс қаласындағы әйгілі "Алтын көгершін" ресторанының да сәнін келтіріп тұр.


Алмагүл Меңлібаева, «Адамдар мен жануарлар», 1997

Көрме жолсерігі

Алмагүл Меңлібаева, «Анамның көйлегіндегі кішкентай құдайлар», 1995
Меңлібаеваның шығармашылығы кескіндеме, графика, видео, фотосурет, қойылым және текстиль сияқты кең ауқымды тәсілдерден тұрады. Суретші жұмыстарында әйелдің рөлі, ұлттық болмыс, экология, энергия, неоколониализм сияқты маңызды тақырыптарды зерттейді, соның ішінде Орталық Азия халықтарының космологиясы мен мифологиясын шебер үйлестіру де бар. Меңлібаева өткен мен бүгінді жалғай отырып, аймақтағы трансформацияға бірегей көзқарас ұсынады. Бұл ретроспектива оның суретші ретінде өзін көрсету тереңдігі мен сан қырлы ерекшелігін көрсетіп қана қоймай, көшпелі халықтан бастап бүгінгі заманға дейінгі Қазақстанның мәдени мұрасына жаңаша көзқарасты айшықтай түседі. Туындылар трансформацияны көрсетумен қатар, тарих, мәдениет және жаңа болмысты іздеу тәжірибесінің өзара байланыс әлеуетін аша отырып, болашақтың визуал сценарийін де ұсынады.
Көрме суретшінің өз тамырын – соның ішінде әлеуметтік-саяси, мәдени және экономикалық негіздерін, Қазақстандағы геосаяси жағдайды – жан-жақты көркем жобалары арқылы түсінуге ұмтылысын баяндайды.
Куратор Гридтия Гавивонг
Related events
Explore the collection with a guide
Tours
Every Sunday, free

Audio tour
Tours
Every Sunday, free










