Жауме Пленса
(1955, Барселона, Испания)
Надэс

Полиэфир шайыры, шыныталшық, тот баспайтын болат
2023
Мұражай алдында тұрған «Надэс» - каталон суретшісі Жауме Пленсаның он екі метрлік мүсіні, көзін жұмған қыздың монументалды бейнесі, қала жүрегінде үнсіз ойға шомуға шақырады.
Испан суретшісі Жауме Пленса шығармашылығын басым бөлігі қоғамдық, кеңістікте орналасқан туындыларымен тығыз байланысты. Сол еңбектері аркылы ол бүкіл әлемге портреттік бейненің, шебері ретінде танылып, руханият, үнсіздік пен жад туралы терең ойларға жетелейтін мүсіндер жасады.
Оның Almaty Museum of Arts үшін арнайы жасаған «Надэс» аталатын жаңа монументалды туындысы көзін жұмған жас аруды бейнелейді. Оның көзқарасы ішке, өз жан дүниесіне бағытталған.
Каланың қым-қуыт тіршілігінің ортасында бұл мүсін сабыр мен тыныштық аралына айналады. Ол әрбір жургіншіні сәл аялдауға, қарқынын баяулатып, ойға шомуға шақырады.
Он екі метрлік «Надэс» - Пленсаның ең ауқымды жумыстарының бірі. Өрілген қос бұрымы қазақтың дәстүрлі мәдениетіне жасалғаү тағзым десек те, бейне бар әлем үшін әмбебап сипатта, әр көрерменнің өз сезімі мен ойларына шомуға мүмкіндік береді.


Алмагүл Меңлібаева, «Адамдар мен жануарлар», 1997

Көрме жолсерігі

Алмагүл Меңлібаева, «Анамның көйлегіндегі кішкентай құдайлар», 1995
Меңлібаеваның шығармашылығы кескіндеме, графика, видео, фотосурет, қойылым және текстиль сияқты кең ауқымды тәсілдерден тұрады. Суретші жұмыстарында әйелдің рөлі, ұлттық болмыс, экология, энергия, неоколониализм сияқты маңызды тақырыптарды зерттейді, соның ішінде Орталық Азия халықтарының космологиясы мен мифологиясын шебер үйлестіру де бар. Меңлібаева өткен мен бүгінді жалғай отырып, аймақтағы трансформацияға бірегей көзқарас ұсынады. Бұл ретроспектива оның суретші ретінде өзін көрсету тереңдігі мен сан қырлы ерекшелігін көрсетіп қана қоймай, көшпелі халықтан бастап бүгінгі заманға дейінгі Қазақстанның мәдени мұрасына жаңаша көзқарасты айшықтай түседі. Туындылар трансформацияны көрсетумен қатар, тарих, мәдениет және жаңа болмысты іздеу тәжірибесінің өзара байланыс әлеуетін аша отырып, болашақтың визуал сценарийін де ұсынады.
Көрме суретшінің өз тамырын – соның ішінде әлеуметтік-саяси, мәдени және экономикалық негіздерін, Қазақстандағы геосаяси жағдайды – жан-жақты көркем жобалары арқылы түсінуге ұмтылысын баяндайды.
Куратор Гридтия Гавивонг
Related events
Explore the collection with a guide
Tours
Every Sunday, free

Audio tour
Tours
Every Sunday, free



