Les femmes au perroquet (Тотықұс ұстаған әйелдер)
1954-1960 гг.
Глазурланған керамика
373 х 570 см

Фернан Леже
1881, Аржантан, Франция, – 1955, Жиф-сюр-Иветт, Франция
Les femmes au perroquet (Women with a Parrot)

Хабардар болыңыздар
Алдыңызда қабырғада Фернан Леженің 1950-жылдары жасаған «Тоты құс ұстаған әйелдер» атты керамикалық панносы ілінген. Панно 77 керамикалық тақтайшадан тұрады, биіктігі төрт метр шамасында, ені алты метрге дейін жетеді.
Фернан Леже – француз модернизмінің елеулі шеберлерінің бірі, кубизмнің негізін қалаушы және өз стилі саналатын «тубизмнің» авторы. Ол қолданатын формалар мұржалар мен механизмдерді еске түсіреді, ал ашық түстер мен айқышты геометриясы автор шығармаларын айқын әрі кез келген адамға түсінікті етеді.
Көз алдыңызға XX ғасырдың басындағы Парижді елестетіңіз: шулы көшелер, витриналар, машиналардың үні мен жаңа технологиялардың ырғағы. Леже осы индустриялық дәуірдің жыршысына айналды. Ол баршаға арналған «демократиялық өнер» өнер туралы армандады. Сол себепті оның фрескалары, витраждары мен мозаикалары көбіне мұражайларға емес, ашық қала кеңістігіне арналған.
«Тоты құс ұстаған әйелдер» шығармасының кішігірім нұсқаларын әлемнің түкпір-түкпірінен көруге болады: Йелль өнер галереясы, Майамидегі заманауи өнер мұражайы және Франциядағы Фернан Леже мұражайы, мұнда 1951 жылғы алғашқы ақ-қара керамикалық нұсқасы сақталған. Сондай-ақ жұмыстың бір нұсқасы Сен-Поль-де-Ванс қаласындағы әйгілі “Алтын көгершін” ресторанының да сәнін келтіріп тұр.

