top of page
Kz

Бельгиялықтардың Королі мен Патшайымы Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Almaty Museum of Arts-қа ат басын бұрды.

Visit

render-East_Entrance.png

Музейлерді қамтып өткен бұл маршрут Қазақстан өнері мен жаһан өнер туындыларын тоғыстырды. Бағдарламаның басты оқиғасы Брюссельден келген хореограф Ула Сиклдің перформансы болды.

Almaty Museum of Arts – Орталық Азиядағы халықаралық деңгейдегі заманауи өнерге арналған тұңғыш жекеменшік музей. Chapman Taylor сәулет бюросы жобалаған музей ғимараты – үнемі өзгеріп, жаңарып отыратын, пікір алмасуға мүмкіндік беретін кеңістік. Мұнда кең көрме залдары, түрлі мақсатқа бейімдеуге болатын атриум, дәріс залы және ашық аспан астындағы мүсіндер саябағы бар.


Монархтарды музейдің негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов, музей директоры Татьяна Ходжаева және және көркемдік жетекшісі Меруерт Қалиева бастап жүрді. Алғашқы аялдама «Мүсіндер: 1950 жылдардан бүгінге дейінгі Қазақстан мүсін өнері» көрмесі болды. Көрме жетпіс жыл ішінде отандық өнердің көркемдік формасы мен өзіндік болмысының қалай өзгергенін баяндайды.

Бельгия Королі мен Королевасы Жоғары Мартебелілері «Мүсіндер» көрмесінде


Тұрақты коллекция залдарында қонақтарға Ричард Серра, Ансельм Кифер және Яёи Кусаманың («Махаббат шақырады») монументал туындылары, сондай-ақ Билл Виоланың «Тұрақтар» атты медиаинсталляциясы таныстырылды.


Мәдени бағдарламадағы басты оқиға Брюссельден келген хореограф Ула Сиклдің музей атриумында көрсетілген «Саз балшық денелер (зерттеу)» /  Clay Bodies (study) перформансы болды. Жоба KANAL – Centre Pompidou орталығымен бірлесіп жүзеге асқан. Қойылымның өзегі саналатын отқа күйдірілген керамика қозғалыс, дыбыс пен ырғақтың қайнар көзіне айналады. Бұл перформанс Almaty Museum of Arts пен KANAL – Centre Pompidou арасындағы болашақ ынтымақтастыққа жол ашып, екі тараптың мәдениет саласын бірлесе дамытуға деген ұмтылысын көрсетті.


Бельгия Королі мен Королевасы Жоғары Мартебелілері


«Жақсы өнер туындысы аударманы қажет етпейді. Серра, Кифер, Кусама, Виола мен қазақстандық мүсіншілер түрлі тілде сөйлегенімен, музей қабырғасында олардың туындылары өзара диалогқа түседі. Мәдениеттер арасындағы осындай пікір алмасудан жаңа мән-мағына мен ауқымды халықаралық серіктестіктер туындайды. Almaty Museum of Arts үшін Ұлы мәртебелі меймандарды қабылдау және Орталық Азия мен Еуропа бір-біріне шабыт беретін кеңістікке айналу – үлкен мәртебе», - деді Almaty Museum of Arts музейінің негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов.


Король Филипп пен Матильда Патшайым музейдің Құрметті қонақтар кітабына қол қойып, бұл күнді музейдің халықаралық байланыстары тарихында қалдырды. Сапардан естелік ретінде монархтарға Алмагүл Меңлібаеваның «Мен бәрін түсінемін» атты көрмесінің каталогы табысталды.


Экскурсия музейдің ашық кеңістігіндегі Алисия Кваденың «Препозиция» атты инсталляциясын тамашалаумен аяқталды.



Татьяна Ходжаева, Нұрлан Смағұлов, монарх жубайлар, Меруерт Қалиева


Бельгия Королі мен Патшайымының Almaty Museum of Arts музейіне сапары Қазақстан мен Еуропа арасындағы мәдени байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Ұсынылған экспозиция Алматының Еуразия кеңістігіндегі қарқынды дамып келе жатқан өнер орталықтарының бірі екенін, сондай-ақ жаһанның музей мекемелерімен тең дәрежеде диалог құруға қабілетті екенін көрсетті.


bottom of page