top of page

Жел мүсіні (YҰ) II

2022

Қолмен боялған алюминий

Gharīb_moon map_Andrius Arutiunian.png

Йинка Шонибаре

1962, Лондон

Wind Sculpture by British-Nigerian artist Yinka Shonibare
DSC06374.JPG
Хабардар болыңыздар
Жазылу

Мұражайдың бас кіреберісінің алдында британдық-нигериялық суреткер Йинка Шонибаренің арнайы Almaty Museum of Arts үшін жасаған сегіз метрлік «Жел мүсіні» орнатылған.
Мүсіннің қолмен безендірілген беті «голландиялық балауыз» атанып кеткен Ankara матасына ұқсатып боялған. Бұл қанық түсті батикті көпшілік «аутентикалық африкалық» деп ойлайды. Алайда оның тарихы әлдеқайда күрделі: индонезиялық батикті голландиялықтар иемденіп, фабрикалық өндіріс жолына қойылып, кейін Африкаға жеткізілген. ХХ ғасырдың орта тұсында бұл мата африкалық елдердің тәуелсіздік символына әрі отаршылдыққа қарсы күрестің белгісіне айналды. Сол себепті Ankara Йинка Шонибаре үшін мәдениеттердің тоғысуы мен өз болмысын іздеудің метафорасы саналады.
Туынды желкен формасында жасалған. Ғасырлар бойы желге керілген желкендер теңіз саудасымен әрі құлдыққа түскен адамдарды мұхит арқылы тасымалдаумен байланысты болған. Шонибаренің идеясы «ауадан мүсін» жасап, желдің табиғатын тасқа басқандай бейнелеу еді. Ол үшін шеберханасында мата мен фенді қолданып, ауа ағыны матаның бетінде қандай пішіндер жасайтынын бақылап, тәжірибе жүргізді. Бұл ойдың идеядан үлкен көлемді мүсінге айналуы тартылыс күшіне төтеп бергендей көрінеді: ауыр алюминийден жасалған мүсін жеңіл де салмақсыз, жел әсерінен қалықтап тұрғандай көрінеді.
Бұл туынды мұражайдың кіреберісінде келушілерді еркіндіктің, жадтың және мәдениеттер диалогының символы іспетті қарсы алады.

Сондай-ақ

bottom of page