Надэс
2023
Полиэфир шайыры, шыныталшық, тот баспайтын болат

Жауме Пленса
1955, Барселона, Испания
A monumental girl's head inviting stillness and reflection in Almaty.

Хабардар болыңыздар
Испан суретшісі Жауме Пленса шығармашылығын басым бөлігі қоғамдық, кеңістікте орналасқан туындыларымен тығыз байланысты. Сол еңбектері аркылы ол бүкіл әлемге портреттік бейненің, шебері ретінде танылып, руханият, үнсіздік пен жад туралы терең ойларға жетелейтін мүсіндер жасады.
Оның Almaty Museum of Arts үшін арнайы жасаған «Надэс» аталатын жаңа монументалды туындысы көзін жұмған жас аруды бейнелейді. Оның көзқарасы ішке, өз жан дүниесіне бағытталған.
Каланың қым-қуыт тіршілігінің ортасында бұл мүсін сабыр мен тыныштық аралына айналады. Ол әрбір жургіншіні сәл аялдауға, қарқынын баяулатып, ойға
шомуға шақырады.
Он екі метрлік «Надэс» - Пленсаның ең ауқымды жумыстарының бірі. Өрілген қос бұрымы қазақтың дәстүрлі мәдениетіне жасалғаү тағзым десек те, бейне бар әлем үшін әмбебап сипатта, әр көрерменнің өз сезімі мен ойларына шомуға мүмкіндік береді.

