top of page

Ула Сикл, Саз балшық денелер (зерттеу)

​

Untitled.png

Перформанс

2026 ж. 14 қазан

Билет алу

Art event in Almaty.

Ула Сиклдіңдің Саз балшық денелер (зерттеу) перформансында күйдірілген керамика қозғалыс пен дыбыс, музыка тудыратын материалға айналады. Илеу, ұру, кию, сындыру – елемей қою мүмкін емес діріл туғызатын қимылдар. Дауыстар құбылып, дүниенің қирауынан туған гүрілге ұласады.

2026 ж. 14 қазан

Дата для разметки

Тіркелу
Бағдарлама және тіркеу

Пандора туралы аңызды арқау еткен бұл шығарма оның көне нұсқасына қайта үңіледі: әлемге жайылған кесір-кесапат қораптан емес, саз құмырадан босап шыққан деседі. Бір қарағанда қарапайым ғана, бірақ адам баласына тым таныс әрекет, кері қайтаруға болмайтын қадам. Перформанс желісі осы үзілістен кейінгі уақытта өрбиді. Бір босап шыққан дүниені қайта қамап қоя алмайсың. Шегінергк жол жоқ. Ендігі бар міндет – соның салдарымен бетпе-бет өмір сүріп, тіршілікті жалғастыру.


Туынды инсталляция түрінде ұсынылып, әрқайсысы 20 минутқа созылатын бірнеше дербес тірі бөлімнен тұрады. Бұл бөлімдерде қимыл, дыбыс пен мәтін үзінділері тоғысып, галерея кеңістігін қайта-қайта құбылтып отырады. Шығарманың Алматыдағы көрсетілімі KANAL Centre Pompidou-мен бірлесіп ұйымдастырылған.


Ула Сикл (Канада/Польша) – Бельгияның Брюссель қаласында тұрып, еңбек ететін хореограф әрі перформер. Заманауи би саласынан бастау алған шығармашылық тәжірибесінде ол түрлі өнер салаларының тоғысында жұмыс істеп, бейнелеу өнері мен заманауи музыкадан шабыт алады. Оның жұмыстарында көбіне сахнадағы орындаушының тұлғасы мен күш-қуатына басымдық беріледі. Сикл қимыл мен ым-ишараның мәдени тұрғыдан қалай қалыптасатынын, олардың астарындағы саяси тәпсір мен күшті зерттей отырып, хореография құрудың жаңа тәсілдерін іздейді.


Концепт, хореография: Ула Сикл
Қойылым, орындау: Аманда Баррио Чармело, София Динкель, Хосе Фаннел, Амина Сечөди
Дыбыс пен жарық қою: Офер Смилански
Керамикалық нысандар: Майка Гарника, Жоэль Лаедерах, Ула Сикл
Костюм дизайны: Wang Consulting
Драматургия: Мартин Зикари, Персис Беккериң
Мәтін: Ула Сикл, Мартин Зикари, Персис Беккериң
Зерттеу: Саванна Марквардт
Продюсерлік жұмыс, үйлестіру: Жоэль Лаедерах
Атқарушы продюсер: Outline

Бірлескен өндіріс: KANAL / Centre Pompidou Brussels, Concertgebouw Bruges, Perpodium

Қолдау көрсеткен: Фламанд қауымдастығы, Бельгия Үкіметінің Tax Shelter бағдарламасы

Қаржылық қолдау көрсеткен: Brussels International

​Тағыда

Болашақтың музейлері мен қалалары

Конференция

20.10
09:00–18:00

ALMA-SEO-banner.png

Craft Night

Ай сайынғы қолөнер клубы

20 қазан, 2026
18:00-20:00 (кез келген уақытта)

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page