top of page

Қонақтар: Коре-сарам хикаялары

Untitled.png

2026 ж. 25 сәуір

Art event in Almaty.

«Қонақтар» көрмесі аясында ұйымдастырылып отырған бұл ашық бағдарлама Орталық Азиядағы коре-сарам, яғни, кәріс диаспорасының мәдени және көркем тарихын зерделеуге арналған.
Registration

«Қонақтар» көрмесі аясында ұйымдастырылып отырған бұл ашық бағдарлама Орталық Азиядағы коре-сарам, яғни, кәріс диаспорасының мәдени және көркем тарихын зерделеуге арналған. Олардың бұл өңірге келуі сонау 1937 жылы Кеңес Одағының Қиыр Шығыстан күштеп жер аударуынан бастау алады. Ондаған жылдар бойы корё-сарам қауымдастықтары мән-мағынаға толы мәдени өмірін сақтап келіп, Қазақстанның зияткерлік және көркемдік кеңістігінің қалыптасуына елеулі ықпал етті.


Бағдарлама осы аталған ортақ тарих пен оның бүгінгі көріністерін талқылау үшін өнертанушылар, суретшілер, журналистер мен мәдениет қайраткерлерін басын қосып отыр. Өнертанушы Елизавета Ким корё-сарам дәуіріндегі суретшілер шығармашылығының қалыптасу тарихына шолу жасайды. Одан кейін шығармаларына көші-қон, болмыс және мәдени жад тақырыптарын арқау еткен заманауи суретшілер – Роман Захаров пен Леонид Хан сөз сөйлейді.


Бағдарламаның екінші бөлімінде Қазақстандағы кәрістер болмысының екі маңызды тірегі таныстырылады: Республикалық мемлекеттік академиялық кәріс театры, оны бас режиссер Екатерина Пен таныстырады, сондай-ақ Корея түбегінен тыс жерлердегі ең көне кәріс тіліндегі басылым — «Коре Ильбо» газеті, оны журналистер Диана Сон мен Александра Ким ұсынады. Күн кәріс суретшісі Ен Ын Кимнің «Тыңдарман қонақтар» (2025) атты фильмінің көрсетілімімен түйінделеді. Бұл туынды – Корея мен оның диаспорасы арасындағы дыбыстық әрі эмоциялық байланыстарды зерттейтін бейнежұмыс.


«Қонақтар» ашық бағдарламасы музейдің алғашқы «Қонақтар: Almaty Museum of Arts коллекциясынан көрме» жобасы аясында өтетін іс-шаралар топтамасын ұсынады. Бұл серия көрменің негізгі тақырыптары мен коллекциядағы жекелеген өнер туындыларын тереңірек тануға мүмкіндік беру мақсатында ойластырылған. Қонақжайлық дәстүрлері мен «тағам саясатына» арналған алдыңғы кездесулердің жалғасы ретінде, бағдарлама өңірдің сан қатпарлы тарихы қалыптастырған алуан түрлі нарративтерді зерттеуді жалғастырады.



15:00 – 16:30 | Көркемдік шежіре

Дәріс: Елизавета Ким «Қазақстанның кәріс суретшілері»

Артист-ток: Роман Захаров пен Леонид Ханның заманауи пайымы

Ойталқы



17:00 – 18:15 | Тірі архивтер: Театр және пресса

Презентация:  Екатерина Пен «Болмыс коды: Кәріс театры жадтан бүгінге дейін»


Презентация: Презентация: Диана Сон мен Александр Ким, «Баспасөздің ғасырлық тарихы: "Коре Ильбо" газетінің тарихы»

Ойталқы



18:30 – 19:15 | Кино көрсетілім

Тыңдарман қонақтар (2025) Ен Ын Ким

Кәрістер қауымының тәжірибесі жайлы ой-толғау және ата жұрт пен бүгінгі мекенді жалғаған дыбыстық байланыстар



Қатысушылар өмірбаяндары

Елизавета Ким, өнертанушы


«Қазақстанның кәріс суретшілері» атты дәріс

Кәрістер Қазақстанға қалай келді? 1937 жылы Кеңес Үкіметінің шешімімен 100 мыңнан астам кәріс Қазақстан мен Өзбекстанға күштеп қоныс аударылып, КСРО-да мұндай ауқымды саяси қуғын-сүргінге алғаш ұшыраған этностық топқа айналды. Бұл дәрісте Қазақстанға кәсіби даярлықпен келген алғашқы буын өкілдері – Ким Хен Нюн мен Ким Ин Хо шығармашылығы қарастырылады. Одан кейін бала кезінде келген екінші буын суретшілер – Михаил Ким мен Борис Пак туралы сөз қозғалады. Олардың еңбектері Almaty Museum of Arts коллекциясында да сақталған. Қазақстанда туып, білім алған үшінші буын суретшілері қатарында Виктор Мун, Сергей Ким және Николай Лим аталады. Сондай-ақ Елена Тю мен Любовь Ри секілді суретші-әйелдер бүгінгі таңда концептуалды және цифрлық өнер саласында еңбек етіп жүрген жаңа буынның қалыптасуына жол ашты.


Дәрісте мынадай негізгі сұрақ қойылады: Қазақстанның кәріс суретшілерін өзгелерден ерекшелендіретін не? Жалпы, біз айтқандай ерекшеліктің бары рас па?



Екатерина Пен, Қазақстандағы Республикалық мемлекеттік академиялық кәріс театрының бас режиссері

«Болмыс коды: Кәріс театры жадтан бүгінге дейін» атты дәріс


Екатерина Пен, Санкт-Петербург мемлекеттік мәдениет институтының түлегі, 2025 жылы Қазақстандағы үздік жас режиссерлердің бірі ретінде танылды. Өз дәрісінде ол кәріс театрының эволюциясын, яғни, мәдени жадты жеткізуші ретіндегі рөлінен бастап, бүгінгі заманауи көркем тіл ізденістеріне дейінгі жолын және оның жаһандану жағдайында ұлттық болмысты қайта ой елегінен өткізуге қосқан үлесін саралайды.



Диана Сон мен Александра Ким, «Коре Ильбо» газетінің журналистері

«Коре Ильбо»: диаспора дауысы атты дәріс


Дәріс барысында журналистер кәріс мәдениетін қонақтарға K-pop айдолдары сияқты жарқырап, көз тартатын дүние ретінде емес, мүлде басқа қырынан таныстырады. Бұл мәдениет жапон отаршылдығы дәуірінің алғашқы кезеңінде, Корея түбегінен жырақта қалыптаса бастады. Оның ең маңызды тарихи мұраларының бірі – «Коре Ильбо» кәріс газеті.


1923 жылы Ресейдің Қиыр Шығысында, «1 наурыз қозғалысының» төрт жылдығына орай негізі қаланған бұл газет антижапониялық қарсылықтың басты идеологиялық мінберлерінің біріне айналды. Биыл басылым өзінің 103 жылдығын атап өтіп отыр, әрі оның ғұмырының басым бөлігі Қазақстанда өтті. Ол – отарлық кезеңде негізі қаланып, Корея түбегінен тыс жерде бүгінге дейін сақталған кәріс тіліндегі жалғыз баспасөз. Бүгінде бұл газет жай ғана ақпарат құралы емес, посткеңестік кеңістіктегі кәрістер үшін мәдениет пен дәстүрдің маңызды қайнар көзі. «Коре Ильбо» – аға буын өткенмен байланыс табатын, ал жас ұрпақ өз тамыры мен болмысын тануға жақындайтын рухани кеңістік.



Ен Ын Ким, суретші/кинорежиссер

Кино көрсетілімі: Тыңдарман қонақтар (2025)


«Тыңдарман қонақтар» (2025) фильмі – Кореяға қайта оралған коре-сарам өкілдері, яғни кореин қауымдастығын арқау еткен лирикалық зерттеу. Фильм диаспорада өмір сүру дыбысты қабылдаудың ерекше әрі терең тәсілін қалыптастырады деген ойға негізделген. Тіл, музыка және күнделікті өмірдің дыбыстық ырғақтары арқылы туынды ата жұрт пен қазіргі мекен арасындағы қатынастар өзгеріп отырған жағдайда диаспоралық болмыстың қалай қалыптасатынын зерттейді. Уақыт пен кеңістік тұрғысынан өз тамырынан алшақтаған қауымға назар аудара отырып, бұл жұмыс тыңдаудың жады мен мәдени болмысты бағдарлау жолындағы маңызды құрал екенін көрсетеді.


Ен Ын Ким – заманауи суретші әрі кинорежиссер, шығармашылығы дыбыс пен тыңдау құбылысын әлеуметтік-саяси және тарихи тәжірибелер ретінде зерттеуге бағытталған. Өз еңбектерінде ол есту тәжірибесінің нақты контексттерде қалай қалыптасатынын, сондай-ақ оның деколонизация мен білім өндіру үдерістеріндегі әлеуетін зерделейді. 2026 жылғы ACC Future Prize және Korea Artist Prize сыйлықтарының лауреаты. Оның жұмыстары Кванджу биенналесінде, M+ музейінде (Гонконг) және Samsung өнер музейінде (Сеул) ұсынылған. Суретші Амстердамдағы Rijksakademie резиденциясының қатысушысы болған, қазіргі уақытта Калифорния университетінің Санта-Круз кампусында кино және цифрлық медиа бағытында докторлық диссертация жазып жатыр.

Тағыда

Жанұялық Жексенбі: Менің таңбам

Отбасылық арт белсенділік

26 cәуір, 2026

ALMA-SEO-banner.png

Венада өтетін суретшілер резиденциясы (шілде–тамыз 2026 ж.)

Өтінім беру дедлайны: 2026 жылғы 1 мамыр (Астана уақыты бойынша 23:59).

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page