«Резиденция әдіс ретінде» суретшілердің халықаралық резиденциялары мен мәдени алмасу туралы дәріс пен пікірталас

Дәріс пен пікірталас
2026 ж. 8 сәуір
Art event in Almaty.
Almaty Museum of Arts-та Қазақстандағы Франция Елшілігі қолдауымен ұйымдастырылғалы отырған халықаралық суретшілер резиденциялары мен мәдени алмасуға арналған іс-шара өтеді.
Discover more
as a member

Almaty Museum of Arts-та Қазақстандағы Франция Елшілігі қолдауымен ұйымдастырылғалы отырған халықаралық суретшілер резиденциялары мен мәдени алмасуға арналған іс-шара өтеді. Әлемнің ең ірі суретшілер резиденцияларының бірі саналатын Cité internationale des arts өкілі ретінде оның директоры Бенедикт Аллиот аталған ұйымға қатысты бағдарламалар мен қазақстандық суретшілер мен кураторларға арналған мүмкіндіктер туралы әңгімелейді. Іс-шара аясында Джамиля Нұркалиева және Алима Қайрат Целинный заманауи мәдениет орталығы ұйымдастырған Scholar in Residency бағдарламасын таныстырады. Суретші Аида Әділбек өзі жасаған зерттеулерге сүйеніп, анағұрлым терең бағыт ұсына отырып, жуырда Cité-де болған резиденциясынан алған әсерін бөліседі.
2023 жылы Musée du Quai Branly музейінде өткен дыбыстық өнер резиденциясы барысында суретші Аида Әділбек музей қорынан қазақтың ұлттық музыкалық аспабы - домбыраны байқап қалады. Онда аспаптың 1960-жылдары Қарағанды облысы аумағындағы фабрикада жасалғаны көрсетілген жапсырма болған. 2025 жылдың күзінде, Cité резиденциясы кезінде, ол осы нысанды зерттеуді жалғастырып, оның шығу тегін, Францияға жету жолын және кеңестік кезеңдегі Орталық Азиядағы мәдени өндірістің тарихын тереңірек зерделейді. Іс-шара барысында Аида Öleñmen jer qoïnyna kirer deneñ (2024) атты дыбыстық инсталляциясынан үзінді ұсынады. Бұл жұмыс Musée du Quai Branly музейіндегі резиденция кезінде жасалған. Сонымен қатар, ол домбыра тарихына қатысты қазіргі зерттеулерінің жай-күйі туралы да әңгімелейді.
Бұл іс-шара халықаралық мобильділікке, ғылыми-зерттеу қызметіне және кәсіби дамуға қызығушылық танытатын суретшілерге, кураторларға және мәдениет саласының өкілдеріне арналған. Резиденция моделі көркемдік зерттеулерге арналған платформа ретінде ұсынылады: мұнда жаңа идеяларды сыннан өткізуге, сондай-ақ Қазақстан мен Cité internationale des arts арасындағы болашақ ынтымақтастық туралы диалог орнатуға мүмкіндік бар. Ойталқы барысында практикалық сұрақтар да қарастырылады: Резиденцияға қатысу үшін қалай өтініш беруге болады? Суретшінің мансабына әсері қандай? Резиденциялар әдеткі ортада қол жеткізу мүмкін емес қандай жаңа мүмкіндіктер ашады?
Тағыда
Өнер нұрындағы Әбдірәшіт Сыдыханов
Бағдарлама
12 сәуір, 2026


Жанұялық Жексенбі: Менің таңбам
Отбасылық арт белсенділік
26 сәуір, 2026

