Art event in Almaty.
Фортепиано үніне еліткен камералық кеш
2026 ж. 24 қазан
Дата для разметки
Нұргүл Нүсіпжанова – халықаралық байқаулардың лауреаты, К. Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық мектептің және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, Н. Рубинштейн атындағы халықаралық байқауда (Париж, 2013) І жүлдені жеңіп алған. Пианист Еуропа мен АҚШ-тың әйгілі сахналарында, соның ішінде Карнеги Холлда өнер көрсеткен.
Концерт бағдарламасы – Нұргүл Нүсіпжанованың жеке музыкалық таңдауы. Бұл камералық кеште түрлі дәуір мен сан алуан музыкалық әлем тоғысады: заманауи және өмірден өткен қазақстандық композиторлардың, сондай-ақ Рахманинов, Равель мен Капустиннің шығармалары орындалады. Музыкалық тілі мен көңіл күйі қилы-қилы болса да, бұл туындылардың барлығын бір арнаға тоғыстыратын ортақ қасиет – олардың әрқайсысы пианистің шығармашылық әлемінде айрықша орын алады.
Тыңдарманмен терең сырласуды мақсат тұтқан камералық кеңістікте музыка жаңа қырынан ашылады.
Тағыда
Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған скрипка және камералық музыка кеші
Концерт
24 қазан, 2026
18:00
.jpeg)
.jpeg)
Куратор көзқарасы: Лусия Агирре, Guggenheim Bilbao
21 қазан, 2026
19:00 - 20:30
.png)
.png)
