top of page

Museum Visual Club

Untitled.png

2026 ж. 25 маусым

Билет алу

Art event in Almaty.

Almaty Museum of Arts музейі Museum Visual Club аталатын жаңа жобаны іске қоспақ
Тіркелу
Бағдарлама және тіркеу

Almaty Museum of Arts музейі Museum Visual Club аталатын жаңа жобаны іске қоспақ.



Museum Visual Club-тың мақсаты – өнер атаулымен, сондай-ақ музей кеңістігімен жұмыс істеуге қызығушылық танытатын фотографтар, видеографтар және визуал технологиялар саласының мамандарының басын қосатын кәсіби қауымдастық қалыптастыру.


Клубтың ашылуы аясында Almaty Museum of Arts пен SIGMA Kazakhstan өнер мен фотография мәдениетін қолдауды көздеген ART IN FOCUS іс-шаралар сериясын өткізеді.



Бағдарлама ішіндегі шоқтығы биік оқиға – атадан балаға мирас боп қалған SIGMA компаниясының иесі Казуто Ямаки мырзаның Алматыға арнайы келуі және 21 шілдеде өтетін жабық кездесуге қатысуы.



Іс-шара кестесі:



• 25 маусым – музейдегі тест-драйв және дәріс  (тіркелген адам тегін қатысады, сілтеме био-да)

• 9 шілде – музейдегі тест-драйв және дәріс (тіркелген адам тегін қатысады, сілтеме био-да)

• 21 шілде – Казуто Ямаки мырзамен жабық кездесу (қатысу шарттары төменде көрсетілген)



Бағдарлама:



• 09:00 - 11:30 – SIGMA техникасының тест-драйвы және гидпен экскурсия

• 12:00 - 13:30 – дәріс және жұмыстарды талдау

• 13:30 - 14:30 – Quiz, бағалы сыйлықтар және SIGMA мерчі

• Казуто Ямаки мырзамен жабық кездесуге жолдама ұтып алу мүмкіндігі



Іс-шара барысында сіздер Sigma BF камераларын және Sigma объективтерін сынақтан өткізіп, музей кеңістігін шығармашылық алаң ретінде пайдаланып, өз фотожобаларыңызды жүзеге асыра аласыздар.



21 шілдедегі жабық кездесуге қалай қатысуға болады?



25 маусым мен 9 шілдедегі тест-драйв пен дәріс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталады.



Онлайн белсенділік бойынша 10 орын бекітілген:



• @almatymuseumofarts және @sigmaphoto_kazakhstan аккаунттарына жазылу;

• іс-шара туралы постты өз сторисіңізге бөлісу;

• пікірге осы аталған шараға міндетті түрде келуі керек шығармашыл досыңызды белгілеу.



Оффлайн белсенділікке 10 орын бекітілген:



• іс-шара барысында Sigma объективін тест-драйвқа алып, ең қызық бір жұмысыңызды бізге жолдау;

• Quiz-ге қатысу;

• дәріске қатысып, ұтыс нәтижесін білу.



Қатысу тегін. Орын саны шектеулі.



Басымдық мына қатысушыларға беріледі:

• Sigma BF камерасын және  түрлі қашықтықтан фокус алатын объективтерді еркін сынап көргісі келетіндерге;

• көптен бері Sigma объективін армандап жүргендерге;

• Sigma объективтерінің иелеріне және SIGMA Club мүшелеріне.

Тағыда

Кира Перовтың Билл Виола және оның шығармашылық процесі туралы дәрісі

Дәріс

1 шілде, 2026

ALMA-SEO-banner.png

«Қазақфильммен» бірлескен мультипликациялық фильмдер көрсетілімі

23 маусым, 2026 16:00
28 маусым, 2026 16:00

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page