top of page

Танымдық дәріс: Ансельм Кифер - естелік пен жады өнері (қазақ тілінде)

Untitled.png

2026 ж. 4 ақпан

Билет алу
Almaty Museum of Arts өз коллекциясында ұсынылған суретшілерге арналған дәрістер сериясын жалғастырады. Келесі кездесу Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропа өнерінің ең ықпалды әрі радикалды тұлғаларының бірі Ансельм Киферге арнаймыз.
Untitled-13.jpg
Discover more
as a member
Join today

Кифердің шығармашылығы Екінші дүниежүзілік соғыстың жарақаттық мұрасы және Германияның өз тарихымен күрделі диалогы аясында қалыптасты. Кифердің өнері  келісімге келу емес, керісінше, жады, кінә, миф және ұмытудың мүмкін еместігі туралы шиеленісті ой-толғам. Суретші библиялық, германдық және антикалық сюжеттерге, философияға, Пауль Целан мен Мартин Хайдеггер поэзиясына жүгініп, өткен шақ қазіргі уақытқа үздіксіз еніп отыратын тығыз, көпқабатты бейнелер құрастырады.

Кифер материалға деген радикалды көзқарасымен танымал. Қорғасын, күл, сабан, бетон, жер және күйдірілген бояу мағына тасымалдаушысына айналып, ал шығарманың беткі қабаты физикалық әрі символдық кернеу алаңы ретінде көрінеді. Оның туындылары көбіне кескіндеме шеңберінен шығып, ауқымды нысандар мен архитектуралық кеңістіктерге ұласады.

Дәріс барысында біз Кифердің өнерін тарихтан бөліп қарастыру мүмкін еместігін, оның қирау мен қайта жаңғыру тақырыптарымен жұмыс істейтінін және көрерменнің жауапкершілігі мен терең ой жүгіртуіне арналған ерекше кеңістікті оның көркем тілі қалай қалыптастыратынын талқылаймыз. Сонымен қатар Almaty Museum of Arts коллекциясында ұсынылған суретшінің жұмыстарына және олардың оның жалпы шығармашылық контекстіндегі орнына ерекше назар аударылады.

Ансельм Кифтердің өнері жадыны пішінге, ал тарихты көркемдік пайымдаудың материясына айналуын бірге зерделеу үшін шақырамыз.

bottom of page