top of page
Almaty Museum of Arts өз топтамасында туындылары сақталған суретшілерге арнап жаңа лекциялар сериясын ұсынады. Бұл циклды біз ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы аса ықпалды мүсіншілердің бірі әрі қорғасын, резеңке және болат сияқты өндірістік материалдарды монументалды туындыларға айналдырған Ричард Серра (1938–2024) шығармашылығынан бастауды жөн көрдік. Оның «Қиылыс» атты туындысы өнерсүйер қауымды мұражайдың бірінші қабатынан қарсы алады.
Серраның металлмен әуестігі бала күнінен басталған: оның әкесі кеме жасау өндірісінде құбыр монтаждаушы болып жұмыс істеген, ал Серраның өзі студент шағында болат құю зауыттарында еңбек еткен. Калифорния университетінде алғашында ағылшын әдебиетін оқығанымен, оның шын қызығушылығы қай кезде де өнер боп қала берді. Кейін ол Йель университетінде көркемөнер саласы бойынша бакалавр және магистр дәрежелерін алған.
Франция мен Италияда гранттық бағдарламалар бойынша оқығаннан кейін, Серра 1966 жылы Нью-Йоркке қоныс аударады. Оның шығармашылық жолы қарқынды дамып, 1968 жылға қарай ол Еуропа мен АҚШ-та тұрақты түрде көрмелерге қатысып, Leo Castelli галереясымен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа қол жеткізді. Оның материал кеңістікте қандай күйге түсетінін зерттеу мақсатында галереяның бұрыштарына балқытылған қорғасын шашып, тәжірибе жасауы шығармашылығының ерте кезеңіндегі өнер саласын селт еткізген жұмыстарының біріне айналды.
Серраның идеялары шарықтаған сайын, оның шығармаларының ауқымы да ұлғая түсті. Ол болат тақтайшаларды пайдалану арқылы тек ауырлық күшіне негіздеп жасалатын әйгілі «props», яғни, «тіректер» атты сериясын бастады. Ал 1970-жылдары белгілі бір кеңістікке арналған айрықша иілгіш болат құрылымдар шығара бастады. Мүсіннің кеңістікті қалай түрлендіріп, қандай күйге бөлейтінінің ұғынсам деген өмір бойғы қызығушылығы оны жаһандық қоғамдық өнердің жетекші тұлғаларының біріне айналдырды.
Серраның шығармашылығын зерттеп, оның өнері жолындағы ғаламат мансабының қалай дамығанын білу үшін біздің келесі лекциямызға қатысыңыз.

Discover more
as a member
28 желтоқсан, 2025
11:00-16:00 (уақыт слоттары)
балалар (5+) мен олардың жанұяларына
Şeberhana-да
- Орын (шырша) саны шектеулі.
- 5 жастан асқан балаларды отбасыларымен бірге күтеміз!
- 10 жасқа дейінгі балалар ересек адамның бірге болуымен қатысуы тиіс. Ересек адамның өзіне жеке билет қажет. Осы үшін біз «екі адамға», «үш адамға», «төрт адамға» немесе «бес адамға» арналған кешенді билеттер алуды ұсынамыз.
Мына жерден 5 уақыт слоттың бірінен орын ал.
—
#JanuyalyqJeksenbi: Жанұялық Жексенбі – бұл ақылы арт-белсенділіктер отбасымен бірге уақыт өткізуге арналған. Балалар, ата-аналар, әпкелер мен ағалар, әжелер мен аталар, тәтелер мен көкелер, кіндік шешелер мен кіндік әкелер – бәріңізді күтеміз.
bottom of page
