top of page

Венада өтетін суретшілер резиденциясы (шілде–тамыз 2026 ж.)

Untitled.png

Өтінім беру дедлайны: 2026 жылғы 1 мамыр (Астана уақыты бойынша 23:59).

Билет алу

Art event in Almaty.

Almaty Museum of Arts (ALMA) Аустрияның Еуропалық және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрлігі, MuseumsQuartier Wien (MQ) және Weltmuseum Wien серіктестікте Қазақстан суретшілерінің біріне MuseumsQuartier Wien музейінде зерттеу резиденциясына қатысу мүмкіндігін ұсынады.
Discover more
as a member
Join today
Untitled-13.jpg

Almaty Museum of Arts (ALMA) Аустрияның Еуропалық және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрлігі, MuseumsQuartier Wien (MQ) және Weltmuseum Wien серіктестікте Қазақстан суретшілерінің біріне MuseumsQuartier Wien музейінде зерттеу резиденциясына қатысу мүмкіндігін ұсынады.


Бағдарлама Венада (Аустрия) өтетін екі айлық резиденция ұсынады.

Іріктелген суретші Еуропадағы жетекші музей кластерлерінің бірі саналатын, түрлі шығармашыл сала өкілдерінің басын қосатын MQ Artist-in-Residence резиденциялар бағдарламасы аясында қабылданады.


Резиденция 2026–2028 жылдарға жоспарланған Орталық Азия мен Аустрия суретшілері арасында байланыс орнатуға бағытталған ұзақ мерзімді бастаманың бір бөлігі саналады және осы өңірлер арасындағы диалог, тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.



Суретшіге бағдарламада көрсетілген бір немесе бірнеше тақырыптық бағыттар бойынша зерттеу немесе жоба әзірлеу ұсынылады:


  • Қозғалыс пен шекаралар;
  • Материалдық дүние, паттерндер мен дәстүрлі және заманауи өнер арасындағы байланыс;
  • Гендер, болмыс пен репрезентация ұғымдарын зерттейтін тәжірибелер;
  • Су мен экологиялық бейнелер.


Резиденцияның өту мерзімі: 2026 жылғы шілде–тамыз.

Резиденция кезінде суретшілер мынадай мүмкіндіктерге ие болады:

- Қазақстанның кез келген жерінен Венаға (Австрия) дейінгі және қайтар жолының авиабилеті;
- тұратын және жұмыс істейтін кеңістік;
- зерттеулерге арналған ресурстар;
- резиденция уақытында 1300 еуро көлеміндегі ай сайынғы шәкіртақы;
- Венаға жеткен кезде төленетін 500 еуро көлеміндегі логистикалық шығындар өтемі;
- жергілікті және жаһандық арт-кеңістікпен байланыс орнату.



Сондай-ақ суретшілер Еуропадағы ең ірі этнографиялық музейлердің бірі және қорында Орталық Азияға қатысты дүниелер мол Weltmuseum Wien коллекцияларымен таныса алады, бұл мәдени жад, репрезентация және институциялар тарихы мәселелерін сыни тұрғыдан қайта ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді.


Резиденция кезінде суретші:

  • MQ кеңістігінде арнайы бөлінген студияда шығармашылықпен айналысуы керек;
  • Венадағы заманауи өнер экожүйесімен байланыс орнатуы керек;
  • әлемнің түрлі елдерінен келген суретшілермен байланыс орнатуы керек;
  • дербес зерттеулер немесе нақты коллекцияларға қатысты зерттеулер жүргізуі керек.

Резиденция Венада өтетін көпшілікке арналған дәріс, шеберханадағы ашық есік күні немесе Connecting Artists from Central Asia and Austria жобасының командасы жөн деп ұйғарған өзге форматтағы іс-шарамен түйінделуі мүмкін. Одан кейін 2026 жылдың күзінде ALMA алаңында презентация өтеді.



Кім қатыса алады:

  • Қазақстанда тұратын 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары;
  • Ағылшын тілін кем дегенде B1 (Intermediate) деңгейінде меңгерген мамандар.


Байқауға қатысу тегін.

Өтінім беру дедлайны: 2026 жылғы 1 мамыр (Астана уақыты бойынша 23:59).


Бұл бастама ALMA-ның қазақстандық суретшілердің халықаралық деңгейде танымалдылығын арттыруға және ұзақ мерзімді диалог орнатуына ықпал етуге деген ұмтылысын көрсетеді.

Тағыда

Қонақтар: Коре-сарам хикаялары

Бағдарлама

25 сәуір, 2026
15:00

ALMA-SEO-banner.png

Жанұялық Жексенбі: Менің таңбам

Отбасылық арт белсенділік

26 сәуір, 2026

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page