top of page

Байқау ережелері

Almaty Museum of Arts Қазақстан суретшілерін Вена (Аустрия) қаласында өтетін екі айлық зерттеу резиденциясына қатысуға шақырады. Бағдарлама Аустрияның Еуропа және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрлігі қолдауымен жүзеге асырылып, MuseumsQuartier Wien алаңында өтеді.

1. Байқаудың жалпы ережелері

Untitled.png

Additional description:

Maxwell Museum of Art
123 Art Museum Drive
Portland, OR 97205
www. maxwellmuseum. org

1.1. Резиденция бағдарламасы Almaty Museum of Arts (ALMA)-тің  Аустрияның Еуропалық және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрлігі (бұдан әрі Қабылдаушы тарап)-мен серіктестігі негізінде ұйымдастырылып отыр. Қосымша серіктестер қатарында MuseumsQuartier Wien (MQ) мен Weltmuseum Wien бар.

1.2. Бағдарлама 2026 жылдың шілде және тамыз айлары аралығында бір суретшіге Вена қаласында резиденциядан өтуге мүмкіндік береді.

1.3. Суретшіге бағдарлама аясындағы бір немесе бірнеше тақырып бағыттарына негізделген зерттеу жүргізу немесе жоба әзірлеу ұсынылады:

  • қозғалыс пен шекаралар;

  • материалдық дүние, паттерндер мен дәстүрлі және заманауи өнер арасындағы байланыс;

  • гендер, болмыс пен репрезентацияны зерттейтән тәжірибелер;

  • су мен экологиялық бейнелер.

1.4. Бағдарлама аясында суретшілер Еуропадағы аса ірі этнографиялық музейлердің бірі саналатын Weltmuseum Wien коллекцияларына қол жеткізе алады. Бұл мәдени жад, отаршылдық мұра, репрезентация және Орталық Азиядан жинақталған коллекциялардың қалыптасу тарихы мәселелерін қайта ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді.

1.5. Резиденцияның өту кезеңі: 2026 жылғы шілде-тамыз.

1.6. Резиденция Вена қаласында (мысалы, дәріс, ашық шеберхана немесе балама форматта) көпшілікке арналған презентацияны қамтуы мүмкін. Аталған презентация Connecting Artists from Central Asia and Austria жобасы командасымен екеуара диалог негізінде әзірленеді.

2. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар

Untitled-21.jpg

Additional description:

Maxwell Museum of Art
123 Art Museum Drive
Portland, OR 97205
www. maxwellmuseum. org

2.1. Қатысушылар Қазақстан аумағында тұрақты мекен ететін Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек.

2.2. Қатысушылар 18 жастан асқан болуы тиіс.

2.3. Қатысушылар өнер саласында кәсіби тәжірибесі бар екенін кәсіби портфолио мен түйіндеме тапсыру арқылы растауы тиіс.

2.4. Қатысушылар ағылшын тілін кемінде B1 (Intermediate) деңгейінде меңгеруі тиіс.

2.5. Қатысушылар салық және өзге де органдар алдында Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуға кедергі келтіретін қарыздарының немесе шектеулерінің жоқ екеніне кепілдік береді және шетелге шығу мүмкіндігін растайды.

2.6. Байқауға қатысу арқылы қатысушы Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес байқауды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ сонымен байланысты іс-шаралар мақсатында өзінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға, келісім беретінін растайды.

3. Өтінімдерге қойылатын талаптар

Untitled-21.jpg

Additional description:

Maxwell Museum of Art
123 Art Museum Drive
Portland, OR 97205
www. maxwellmuseum. org

3.1. Өтінім сілтемеге (https://forms.gle/sMaX4k8J6J1shtE76 ) өтіп, ресми электрон форманы толтыру арқылы рәсімделеді.

3.2. Әр кандидат тек бір ғана өтінім бере алады.

3.3. Бекітілген талаптарға сәйкес толық толтырылмаған немесе сол талаптарды бұза отырып рәсімделген өтінімдер қабылданбайды.

3.4. Өтінім беруші ұсынылған деректердің дұрыстығына жауапты.

3.5. Жалған немесе қате деректер берілген жағдайда, өтінімнің күші жойылуы мүмкін. 

4.  Байқау кестесі және жеңімпазды анықтау

Untitled-21.jpg

Additional description:

Maxwell Museum of Art
123 Art Museum Drive
Portland, OR 97205
www. maxwellmuseum. org

4.1. Байқау жеңімпазы тәуелсіз қазылар алқасының шешімімен анықталады. Алқа құрамында: куратор, Сорбонна университетінің аспиранты Ділдә Рамазан, суретші Алмагүл Меңлібаева, Almaty Museum of Arts кураторы Инга Лаце бар.

4.2. Өтінімдер мен қатысушыларды бағалау критерийлері:

  • жұмыстың көркемдік сапасы мен оның түпнұсқа болуы;

  • бағдарлама тақырыбына сәйкестігі;

  • ұсынылатын зерттеу немесе жобаның айқындығы мен жүзеге асырылу мүмкіндігі.

4.3. Қазылар алқасының шешімі ақырғы боп саналады және қайта қаралмайды. Ұйымдастырушы өтінімдердің қабылданбау себептері немесе жеңімпазды таңдау критерийлері бойынша жеке-жеке түсіндірме бермейді және хат алмаспайды. 

4.4. Кесте:

  • өтінім қабылдау: 2026 жылғы 14 сәуір  – 1 мамыр аралығы (23:59 Астана уақыты бойынша);

  • қатысушыларды іріктеу және алдын ала іріктелген қатысушылармен онлайн-сұхбат құру: 2026 жылғы 2–24 мамыр;

  • байқау жеңімпазын хабарлау: 2026 жылғы 25–29 мамыр;

  • байқау жеңімпазының виза рәсімдеуі: маусым, 2026 жыл;

  • резиденция кезеңі: 2026 жылғы шілде–тамыз;

  • ALMA-дағы презентация: күз, 2026 жыл. 

4.5. Байқау жеңімпазы Almaty Museum of Arts-пен келісімшартқа отырады. Келісімшартқа сай:

  • Almaty Museum of Arts жеңімпаздың Қазақстанның кез келген жерінен Венаға (Аустрия) дейінгі және қайтар жолының авиабилетін төлеп береді.  

  •  Байқау жеңімпазы сапарды ұйымдастыру және іс-шараға қатысу мақсатында өзінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім бере отырып, жарамды төлқұжат пен жеке куәліктің скан-көшірмелерін ұсынуға міндетті.

  •  Байқау жеңімпазы резиденция аяқталғаннан кейін 90 күн ішінде ALMA кеңістігінде кемінде бір ашық іс-шара (дәріс/уоркшоп) өткізуге міндетті.

4.6. Байқау жеңімпазы Қабылдаушы тараппен келісімшартқа отырады, оған сай қабылдаушы тарап:

  • резиденция кезеңінде жеңімпазды тұратын орынмен және жұмыс істеуге арналған кеңістікпен қамтамасыз етеді;

  • ай сайын стипендия төлейді (Венаға келген бойда қолма-қол 1300 еуро береді);

  • Weltmuseum Wien коллекцияларын қолжетімді етеді;

  • логистикалық шығындардың өтемақысын береді (Венаға келген бойда қолма-қол 500 еуро береді). 

4.7. Байқау жеңімпазы Аустрияға визаны өз бетінше алады және виза алу процесіне байланысты визалық және өзге де төлемдерді өзі өтейді. 

4.8. 2026 жылдың 15 маусымына дейін виза алу мүмкін болмаған жағдайда, резиденцияға қатысу мүмкіндігін басқа үміткерге беру құқығы Ұйымдастырушының өз еншісіне қалады.

4.9. Стипендия қамтымайтын жеке шығындарды байқау жеңімпазы өзі өтейді.

5. Қорытынды ережелер

Untitled-21.jpg

Additional description:

Maxwell Museum of Art
123 Art Museum Drive
Portland, OR 97205
www. maxwellmuseum. org

5.1. Өтінім бере отырып, қатысушы осы аталған ережелерге келісетінін растайды.

5.2. Байқау бағдарламасы мен жұмыс кестесіне болмашы өзгерістер енгізу құқығы ұйымдастырушылардің өз еншісінде. 

5.3. Байқауға қатысу тегін.

 

 

 

Байланыс:

Байқауға қатысты барлық ресми ақпарат мына сілтемеде: www.almaty.art/austria-opencall-2026/  

opencall@almaty.art  

Intellectual Property

Untitled-21.jpg

Additional description:

Maxwell Museum of Art
123 Art Museum Drive
Portland, OR 97205
www. maxwellmuseum. org

The Website and its content are protected by copyright, trademark, and other intellectual property laws. You may not use the Website or its content in any way that violates these laws. All content included on this site, such as text, graphics, logos, button icons, images, audio clips, and software, is the property of the Museum or its content suppliers and protected by international copyright laws.

bottom of page