Өнер нұрындағы Айша Ғалымбаева: Қыз & Жігіт
Арт белсенділік

Арт белсенділік
2025 ж. 6 желтоқсан
Art event in Almaty.
6 желтоқсан – біздің мұражайда суретші Айша Ғалымбаеваға арналған күн! Ғалымбаеваның қазақ ұлттық киіміне деген сүйіспеншілігінен шабыт алған біз Şeberhana-да қазақы киім киген қозғалмалы қыздар мен жігіттер бейнесіндегі қағаз кейіпкерлер жасаумен айналысамыз.
6 желтоқсан, 2025
11:00-16:00 (уақыт слоттары)
барлық жасқа арналған
Şeberhana-да
- Орын саны шектеулі.
- Арт белсенділік 5 жастан асқан барлық қонаққа қолжетімді.
- 10 жасқа толмаған балалар қолында бөлек билеті бар ересек адамның қадағалауында болуы керек. Осы үшін біз «екі адамға», «үш адамға» арналған кешенді билеттер алуды ұсынамыз.
Мына жерден бес уақыт слоттарының бірін бронда.
—
#ArtistSpotlight: Өнер нұрындағы Айша Ғалымбаева – Almaty Museum of Arts мұражайы үш айда бір рет өз коллекциясындағы бір суретшіге арналған күн өткізеді. Сол күні автордың әлемі мен шығармашылық мұрасын тереңірек танып-білуге бағытталған талқылаулар, экскурсиялар, кино көрсетілімдері және уоркшоптары ұйымдастырылады.
Мұндай іс-шаралар легінің алғашқысы қазақ кескіндеме өнерінің бастауында тұрған тұлға Айша Ғалымбаеваға арналады. Оның ауыл өмірінен қағазға түсірген көріністері, индустриялық пейзаждарды және әсерлі әйел портреттерін бейнелейтін картиналары күнделікті өмір тақырыбын шебер ашады және әйелдің қоғам өзгерістеріне сай құбылып отыратын рөлін баян етеді.
Тағыда
…
…
…


…
01 Jul 2024
01 Jul 2024


…
01 Jul 2024
01 Jul 2024


…
01 Jul 2024
01 Jul 2024

