Өнер нұрындағы Айша Ғалымбаева
Бағдарлама

Бағдарлама
2025 ж. 6 желтоқсан
Art event in Almaty.
Almaty Museum of Arts мұражайы үш айда бір рет өз коллекциясындағы бір суретшіге арналған күн өткізеді. Сол күні автордың әлемі мен шығармашылық мұрасын тереңірек танып-білуге бағытталған талқылаулар, экскурсиялар, кино көрсетілімдері және уоркшоптары ұйымдастырылады.
Мұндай іс-шаралар легінің алғашқысы қазақ кескіндеме өнерінің бастауында тұрған тұлға Айша Ғалымбаеваға арналады. Оның ауыл өмірінен қағазға түсірген көріністері, индустриялық пейзаждарды және әсерлі әйел портреттерін бейнелейтін картиналары күнделікті өмір тақырыбын шебер ашады және әйелдің қоғам өзгерістеріне сай құбылып отыратын рөлін баян етеді.
Бағдарлама (орын саны шектеулі):
11:00-16:00 «Қыз & Жігіт», Şeberhana-да өтетін қағаз кейіпкерлер жасау бойынша уоркшоп (барлық жасқа арналған)
Уоркшоп туралы қосымша ақпарат мына жерде.
14:00-15:00 «Ғалымбаева – Қазақстан киносы мен станоктық кескіндемесі» атты дәріс. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ЮНЕСКО-ға қарасты Көркемдік сыншылар ассоциациясының мүшесі Камилла Ли Айша Ғалымбаева туралы дәріс оқиды және көрме жобаларын үйлестіруші Маржан Алпысбаевамен әңгіме құрады (орыс тілінде, қазақ тіліне синхронды аударма болады).
Билеттерді мына жерден ала аласыз.
15:15-16:00 Бас куратор Инга Лаце мен Камилла Ли «Қонақтар» көрмесіндегі Айша Ғалымбаеваның шығармалары туралы экскурсия жүргізеді (орыс тілінде, қазақ тіліне синхронды аударма болады)
Билеттерді мына жерден ала аласыз.
16:30-18:00 «Шабандоз қыз» (қазақ тілінде) көрсетілімі
Мұражайға кіру билеті болған жағдайда және тіркеуден өткендерге көрсетілім тегін. Мына сілтемеге өтіп, тіркелуге болады.
18:00-18:50 Кино және мәдениет зерттеушісі, Лондондағы Queen Mary University докторанты Әсия Бағдәулетқызы оқитын «Шабандоз қыз»: әйел азаттығының советтік үлгісі және «достық лабораториясындағы» ұлттық бейне» атты дәріс және талқылау (қазақ тілінде, орыс тіліне синхронды аударма болады)
Билеттерді мына жерден ала аласыз.
19:00-20:30 «Девушка-Джигит» (орыс тілінде) фильмінің көрсетілімі
Мұражайға кіру билеті болған жағдайда және тіркеуден өткендерге көрсетілім тегін. Мына сілтемеге өтіп, тіркелуге болады.
Тағыда
…
…
…


…
01 Jul 2024
01 Jul 2024


…
01 Jul 2024
01 Jul 2024


…
01 Jul 2024
01 Jul 2024

