top of page

"Қазақстан өнері жаһандық көркем үдеріс контекстінде. 1920–2020" дәрістер циклі

Untitled.png

Art event in Almaty.

Өнертанушы, халықаралық куратор Валерия Ибраеваның авторлық дәрістер циклі "Қазақстан өнері жаһандық көркем үдеріс контекстінде. 1920–2020".
Тіркелу
Бағдарлама және тіркеу

Сегіз дәрістен тұратын бұл курс қазақстандық кәсіби өнердің қалыптасуы мен дамуын компаративистік тұрғыда қарастырады. Елдің жетпіс жылға жуық уақыт бойы толық оқшаулануына қарамастан, Қазақстан суретшілері өзіндік ерекшелікке толы шығармашылықтың дара әдістемесіне сүйене отырып, мектеп қалыптастыра білді.

Десе де, саяси-экономикалық және қоғам ахуалына байланысты әр кезеңде түрлі деңгейде көрініс тапқан жаһандық көркемдік үдерістердің қазақстандық суретшілер шығармашылығына тигізген ықпалын да елемеу мүмкін емес.

Курста қамтылған салыстырмалы-тарихи экскурстар соңғы жүз жыл ішінде Қазақстандағы көркемдік үдерістің таңғаларлық қарқынмен дамығанын терең түсінуге жол ашады.

Цикл 8 дәрістен тұрады:

1-дәріс. 1920–1930 жылдар.Модернизм: екі дүниежүзілік соғыс арасында. Түркістан–Сібір теміржолы және еуропалық үлгідегі өнердің кеңестік Азияға экспортталуы.

2-дәріс. 1930–1940 жылдар. Тоталитарлық өнер. Германия, КСРО, Қытай.

3-дәріс. 1950–1960 жылдар. Еуропадағы авангардтық қозғалыстар. Социалистік реализм және оның Қазақстандағы міндеттері.

4-дәріс. 1950–1960 жылдар. АҚШ-тағы авангардтық ағымдар. Хрущёв жылымығы және Қазақстанның алпысыншы жылдар буыны.

5-дәріс. 1970–1980 жылдар. Батыстағы көркем институциялар және жаңа дискурстардың қалыптасуы. Қазақстан: авангардсыз трансавангард.

6-дәріс. 1990 жылдар.Тәуелсіздік құрдасы: Қазақстанның заманауи өнері. Акционизм және перформанс.

7-дәріс. 2000 жылдар.Қазақстандағы видеоарт.

8-дәріс. 2010 жылдар. Қазақстанның заманауи өнері және халықаралық жобалар. Паблик-арт және қала кеңістіктерінің демократиялануы.

Сіздерді ХХ–ХХІ ғасырлардағы әлемдік көркем үдерістермен диалог аясында Қазақстан өнерінің қалай қалыптасқанын бірге зерделеу үшін лекциялар цикліне қатысуға шақырамыз. Қызықтыратын жеке лекцияны таңдауға немесе баяндауға кезең-кезеңімен терең ену үшін бүкіл циклге бірден билет алуға болады.

Тағыда

Нұргүл Нүсіпжанованың камералық аудиторияға арналған жеке бағдарламасы

31 шілде, 2026
19:00

ALMA-SEO-banner.png

«Өнер әуендері» жобасы аясындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы жас музыканттарының концерті

Концерт

25 шілде, 2026
16:30

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page