top of page

Almaty Museum of Arts-тың «Музейлер түні» шарасына 6 мыңнан астам қонақ келді

render-East_Entrance.png

Almaty, Kazakhstan | May 18, 2026 — On May 16, the first-ever Night of Museums in the history of Almaty Museum of Arts (ALMA) took place on an unprecedented scale.

Алматы, Қазақстан | 18 мамыр 2026 жыл - 16 мамыр күні Almaty Museum of Arts (ALMA) кеңістігінде музей тарихындағы алғашқы «Музейлер түні» шарасы кең ауқымда аталып өтті. Бар болғаны алты сағат ішінде, яғни 18:00-ден 24:00-ге дейін, өнер ордасына 6 314 қонақ келді.


Бұрын-соңды болмаған ажиотаж бен жүздеген метрге созылған кезек алматылықтар мен қала қонақтарының заманауи өнер мен мәдени оқиғаларға деген сұранысының зор екенін және күн санап сайын өсіп келе жатқанын айқын көрсетті.


Almaty Museum of Arts музейі барлық қонақтарға ыстық ықыласы, көтеріңкі көңіл-күйі және ұзын-сонар кезекте тұрғанда сабыр сақтап, төзім танытқаны үшін шын жүректен алғыс айтады. Қонақтардың байыптылығы мен түсіністігі кіреберістегі кезектің өзін ерекше бір перформанстың бөлшегіне айналдырды.


«Қонақтардың музейге мұншалық жаппай ағылуы Алматының жаңа форматтағы ауқымды мәдени оқиғаларға қаншалықты сусап отырғанының айқын көрінісі. Есік алдындағы ұзын-сонар кезек жай ғана рекордтық көрсеткіш емес, адамдардың заманауи өнерге деген шынайы ықыласын аңғартады. Біз әрбір келушіге сабыр мен түсіністік танытқаны үшін, сондай-ақ сол кештің айрықша атмосферасын бірге қалыптастырғаны үшін шын жүректен ризамыз. Бұл оффлан-аншлаг музейдің бүгінде алматылықтар мен қала қонақтары үшін ең тартымды мәдени орындардың біріне айналып келе жатқанын көрсетті. Әсіресе, сол кеште Орталық стадионда жаһандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерт өтіп жатқанына қарамастан, алты мыңнан астам адамның өнерді таңдауы біз үшін ерекше мәнге ие», - дейді ALMA-ның коммуникация жөніндегі директоры Гаухар Сатпаева.


Бұл күні қонақтар музейге тегін кіріп, арнайы әзірленген бағдарламаны еркін тамашалай алды. Сонымен қатар «Музейлер түніне» келген барлық адамға күні бекітілмеген арнайы билет сыйға тартылды. Келушілер сол билетпен осы 2026 жылдың ішінде музейге тағы бір рет тегін кіре алады.


ALMA-дағы «Музейлер түні» шарасына арнайы дайындаған бағдарламасы пәнаралық байланыс пен заманауи өнер тәжірибесіне тереңірек бойлауды мақсат тұтты:

  • Музыкант-мультиинструменталист, композитор әрі зерттеуші Герман Поповтың музыкалық перформансы өтті. Герман келушілер назарына (19:30–23:00) үш сағаттық бағдарлама ұсынды. Оның музыкалық сетінде экспериментал дыбыстық өңдеу жасалған дәстүрлі шығыс әуендері, винилден қойылған тректер мен жеке альбомдардағы композициялармен өзара үйлесім тапты. Бағдарлама аясында Алмагүл Меңлібаевамен бірлесіп жасаған аудиоматериалдары да ұсынылды.

  • Білім беру блогы мен видеоарт көрсетілімі. «Әл-Фараби» аудиториясында «Видеоартты қалай көруге болады?» атты дәрісті тыңдап, Орталық Азия видеоартының эксклюзив көрсетілімін тамашалауға келген көрерменге лық толды. Жанрдың концептуал тұрғыда күрделі болуы мен авангардтық сипатына қарамастан, қонақтар үлкен қызығушылық пен жоғары белсенділік танытты.

  • Интерактив аймақтар. Сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін музей залдарында «Шеберхана» білім беру бағдарламасы аясында «Nobai» сурет салу клубы жұмыс істеді. Сонымен қатар ниет білдірген адамды қағаз өру техникасына баулыған «Ашық Шеберхана» уоркшоптары өтті.

  

«Музейлер түніндегі» аншлаг ауқымды халықаралық цифрлық оқиғаның жарқын бастауы болды. 18 мамыр, Халықаралық музейлер күні Almaty Museum of Arts TikTok «Comes Alive» атты жаңа жаһандық бағдарламаның («Museums Come Alive» кезеңі аясында) негізгі қатысушыларының біріне айналды. TikTok тікелей эфир форматы арқылы миллиондаған аудиторияны өнермен таныстыру мақсатында әлемнің әйгілі музейлерінің күшін бір жобаға жұмылдырып отыр. ALMA аталған жобаға қатысатындардың эксклюзив шорт-лист тізіміне еніп, Museum of Modern Art (MoMA) (Нью Йорк), The Metropolitan Museum of Art (The Met) (Нью Йорк), және Grand Egyptian Museum (Гиза) секілді алып музейлермен қатар аталды.


Биылғы Халықаралық музейлер күнінің тақырыбы – «Ажыраған әлемді байланыстырушы музейлер». ALMA-ның осындай деңгейдегі бастамаға қатысуы Орталық Адиядағы алғашқы әрі ең ірі заманауи өнер мұражайының жаһандық арт-сахнадағы жетекші мәдени институттардың біріне айналғанын айқындай түседі.


Тікелей эфир 18 мамыр күні (Алматы уақыты бойынша) сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін музейдің (@almatymuseumofarts) және танымал қазақстандық креатор Нұржанның (@nurzhan_cello) аккаунттарында өтті. Виртуал экскурсияны Нұржан музей қызметкерлерімен бірге жүргізді. Эфир барысында әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрермен ALMA-ның бірегей сәулетін, негізгі кеңістіктерін және көрнекті суретшілердің жұмыстарын тікелей тамашалай алды.


Трансляцияның басты назарында Алмагүл Меңлібаеваның «Мен бәрін түсінемін» ретроспективалық көрмесі мен Орталық Азиядағы көші-қон мен қонақжайлық дәстүрі сынды тақырыптарды қаузайтын «Қонақтар» көрмесі болды.


Осы оқиғаға орай TikTok LIVE пен ALMA музейімізден шабыт ала отырып жасалған арнайы «Artist» виртуалды сыйлығын ұсынды.


ALMA-дағы алғашқы «Музейлер түнінің» сәтті өтуі Қазақстанда мәдениет пен интеллектуал демалысқа деген қызығушылықтың жаңа деңгейге көтерілгенін айқын көрсетті. Бүгінгі күні мұндай шаралар мыңдаған адам үшін үйреншікті ойын-сауықтың саналы баламасына айналып келеді.


Суреттерді сілтемеден жүктей аласыз. Фотограф: Алексей Попцов.


https://drive.google.com/drive/folders/1mUILEFQSnV7hJZHH-UPQedAZMkZbwUiJ?usp=sharing 

bottom of page