Әлемдік хит кадрындағы Almaty Museum of Arts. Muse клипін Алматыда түсірді

Британдық Muse рок-тобы «Nightshift Superstar» атты жаңа трегіне бейнебаян ұсынды. Сингл топтың 26 маусымда жарық көретін «The Wow! Signal» атты оныншы студиялық альбомына енеді
Ағылшын Muse рок-тобы «Nightshift Superstar» атты жаңа трегіне бейнебаян ұсынды. Сингл топтың 26 маусымда жарық көретін «The Wow! Signal» атты оныншы студиялық альбомына енеді.
Клип 2026 жылдың мамыр айында Алматыда түсірілген. Бейнебаянның қойылымына режиссер Ладо Кватания жауапты болды. Видео өндірісімен REFLECTOЯUM режиссерлік студиясы және қазақстандық Anykey продакшн компаниясы айналысты.
Көз тартарлық туынды фантастикалық экшн рухында жасалған, ал тректің дыбысталуы фанк пен француз электроникасының элементтерін біріктіреді. Бұл Muse үшін ерекше, бірақ өте сәтті әрі сенімді эксперимент.
Кадрда топтың фронтмені Мэттью Беллами мен кәріс бишісі Грейс Харт бой көрсетеді. Оларға әнші Манижа, сондай-ақ Алматының бишілері мен актерлері қосылды.
Түсірілім локацияларының арасында Almaty Museum of Arts та болды. Anykey компаниясының өндіріс жетекшісі Дмитрий Гребенниковтың айтуынша, режиссердің назарын музейдің дәл осы сәулеттік сипаты, ауқымы мен конструктивистік қаталдығы баурап алған. Музей кеңістігі Зенков көшесіндегі Офицерлер үйінде тұрғызылған декорациялармен тамаша үндестік тапты. Оператор Вова Ушковтың жарықпен шебер жұмысы ғимаратқа ерекше реңк беріп, оған айбындылық пен болашақ тынысын сыйлады. Музейдегі алаңда 100-ден астам адам жұмыс істеді, ал жобаға жалпы саны 150-ден астам маман тартылды. Түсірілім орындарын іздеу, келіссөздерді жүргізу сияқты барлық дайындық жұмыстары шамамен он күнге созылды.