top of page

Almaty Museum of Arts (ALMA) медиагиді жаңа тілдермен толықты

render-East_Entrance.png

Almaty Museum of Arts (ALMA) әлемнің түкпір-түкпірінен келетін қонақтар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуде. Бүгіннен бастап музейдің ресми медиагидінен қытай, корей және испан тілдерін табуға болады.

Almaty Museum of Arts (ALMA) әлемнің түкпір-түкпірінен келетін қонақтар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуде. Бүгіннен бастап музейдің ресми медиагидінен қытай, корей және испан тілдерін табуға болады.


Енді өнер туындыларының бірегей топтамасы, экспонаттардың тарихы және музейдің архитектуралық ерекшеліктерімен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ғана емес, тағы да жаңа үш тілде танысуға болады. Бұл - түкпір-түкпірден келетін туристер үшін музейді бұрынғыдан да жақын етіп, екі ел арасындағы мәдени диалогтың нығаюына ықпал етеді.


Интуитивті түрде түсінікті интерфейс пайдаланушыларға қажетті тілдік пакетті таңдауға және өз смартфоны арқылы экспозиция бойынша кәсіби аудио сүйемелдеу мен мәтіндік сипаттаманы алуға мүмкіндік береді.


Жаңа тілдердің қосылуы әлемнің түкпір-түкпірінен келетін өнерсүйер қауым үшін инклюзивті әрі технологиялық орта қалыптастыру жолындағы музейдің стратегиялық қадамы.


Виртуалды гидті ашу үшін ресепшнде QR-кодты сканерлеу жеткілікті. Қандай да бір қосымшаныжүктеп алудың немесе тіркелудің қажеті жоқ. Кодты сканерлеп, туындылармен өзіңізге ыңғайлы қарқында танысыңыздар.


bottom of page