top of page

Almaty Museum of Arts «Қиылыстағы мұражай» деректі фильмін қалың көпшілікке ұсынды.

render-East_Entrance.png

Almaty Museum of Arts (ALMA) «Қиылыстағы мұражай» деректі фильмінің цифрлық прокатқа шыққанын хабарлайды.

Almaty Museum of Arts (ALMA) «Қиылыстағы мұражай» деректі фильмінің цифрлық прокатқа шыққанын хабарлайды. Әлемдік мәдени картада жаңа институттың қалыптасу сәтін бейнелейтін бұл туынды енді музейдің ресми YouTube платформасында жаһандық аудиторияға қолжетімді. 


«Қиылыстағы мұражай» фильмі жай ғана құрылыс хроникасы емес. Бұл музей негізін қалаушылар Нұрлан және Мадина Смағұловтардың жеке қызығушылығы арқылы қалыптасқан ХХ ғасырдағы қазақ өнерінің жеке коллекциясын халықаралық ауқымдағы жобаға қалай айналдырғанын көрсететін туынды.


Фильм режиссері - танымал деректі кинорежиссер, журналист әрі продюсер Андрей Лошак. Жұмыс төрт жылға созылып, алғашқы архитектуралық эскиздерден бастап 2025 жылғы 12 қыркүйектегі салтанатты ашылуға дейінгі кезеңді қамтиды. 


«Бұл мұражай көптен бергі арманымның ғана емес, қоғам мен ел алдындағы белгілі бір борышымды өтеудің де көрінісі іспетті. Әлем аралап, ірі мұражайларды көрген сайын Алматы дәл осындай кеңістікке, яғни, өнер қолжетімді болатын, адамдар бас қосып, мәдениет туралы жаңа әңгіме басталатын орынға лайық деп ойлайтынмын», – дейді Almaty Museum of Arts негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов.


Фильм сәулеттік шешімдер мен Назарбаев пен Әл-Фараби даңғылдарының қиылысындағы ғимарат құрылысын ғана емес, идеяның тууы мен ізденісінен бастап, көпсатылы логистика мен шебер кураторлық шешімдерге дейінгі кезеңді, яғни, өнер туындыларының күрделі әрі көбіне көзге көрінбейтін жолынан хабардар етеді. Кадрда Яёи Кусама, Билл Виола, Ричард Серра, Ансельм Кифер, Жауме Пленса, Йинка Шонибаре және Алисия Кваде сынды есімі күллі әлемге мәшһүр шеберлер еңбектерінің қазақстандық өнермен диалогы көрсетіледі.


«Бұл туындыны қалың аудиторияға көрсету бақыты туғанына қуаныштымыз. Фильм мұражайдың ішкі әлеміне үңілуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өнерге деген жеке құштарлықтың қалайша ортақ мәдени игілікке айналуы мүмкін екендігін көрсетеді», – дейді Almaty Museum of Arts директоры Татьяна Ходжаева.


Фильм 2026 жылдың қаңтарынан бастап мұражайдың “Әл-Фараби” және “Алатау” залдарында көрсетіліп келген еді, енді оны әлемнің кез келген нүктесінен көруге болады. Фильмді орыс тілінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі субтитрлермен көруге болады.


Ұзақтығы - 1 сағат.


Фильмді дәл қазір мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=AQCKO5iHrcg


ALMA-ның YouTube-арнасы алдағы уақытта эксклюзивті лекциялар, сұхбаттар, музей архиві, деректі фильмдер және өзге де контент жарияланатын негізгі платформаға айналады. Арнаға жазылу үшін: https://www.youtube.com/@almatyart


«Қиылыстағы мұражай» фильмін музейдің ресми YouTube-арнасынан көріп, жаңа видеоларды жіберіп алмау үшін арнаға жазылып қоюды ұмытпаңыздар.

Мұражайдың жобалары мен іс-шаралары туралы өзекті ақпаратты ресми сайттан және Instagram парақшасынан таба аласыздар.


bottom of page