top of page

Almaty Museum of Arts пен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясының музыкалық маусымы

Untitled.png

Камералық концерт

2026 ж. 6 маусым

Билет алу

Art event in Almaty.

Almaty Museum of Arts пен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясының музыкалық маусымы

2026 ж. 10 қыркүйек

Дата для разметки

Тіркелу
Бағдарлама және тіркеу

«Өнер әуендері»  -  Almaty Museum of Arts пен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы бірлесіп жүзеге асырып отырған қазақстандық жас музыканттарды қолдау мен олардың шығармашылығын кеңінен насихаттауға бағытталған мәдени-ағартушылық жоба. Музей кеңістігінде камералық концерттер сериясын ұйымдастыра отырып, бұл жоба музыка мен бейнелеу өнерін тоғыстырып, өнердің түрлі салалары, ұрпақтар мен мәдениеттер арасындағы шығармашылық үндестікке жол ашады.



Әр концерт музей экспозициялары аясында өрбитін өзіндік «өнераралық диалогқа» ұласады. Музыкалық шығармалар көркем туындылардың ортасында орындалып, көрерменнің өнерді тұтас бір құбылыс ретінде қабылдауына мүмкіндік береді. Мұндай үндестікті сезінген жан санасында музыка, кескіндеме, мүсін өнері мен заманауи көркем тәжірибелер арасында жаңа эмоциялық әрі мағыналық байланыстар орнайды.



Жобаның басты мақсаты - жастардың шығармашылық әлеуетін қолдау, сондай-ақ Almaty Museum of Arts пен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы арасындағы меморандум аясында музыкалық орындаушылық өнерді музей кеңістігіне кіріктіру арқылы пәнаралық мәдени диалог дамыту.



«Өнер әуендері» жобасы аясындағы алғашқы концертке республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары - ЮНЕСКО клубының П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі студенттері қатысады.



Іс-шараға музей билетімен кіру тегін.

Тағыда

«Мүсіндер» көрмесінің кураторы Әлия Тизенгаузенмен кездесу өтеді

10 қыркүйек, 2026
18:00

ALMA-SEO-banner.png

OPEN CALL: JAS Photo

Экспериментал фотосурет курсы

26 қыркүйек – 28 қараша 2026

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page