top of page

«Қазақфильммен» бірлескен мультипликациялық фильмдер көрсетілімі

Untitled.png

2026 ж. 23 маусым

Билет алу

Art event in Almaty.

«Қазақфильммен» бірлескен мультипликациялық фильмдер көрсетілімі
Тіркелу
Бағдарлама және тіркеу

23 маусым, 16:00

28 маусым, 16:00

Музей билетімен кіру тегін



Әсия Бағдәулетқызының қазақ тіліндегі кіріспе сөзімен.



Бұл бағдарлама заманауи қазақ анимациясындағы тақырып алуандығын көрсетеді: мифтерден ұлттық тамырды іздеу және арғы қазақ танымына үңілу, маскулиндік пен фемининдік туралы қалыптасқан түсініктерді қайта зерделеу, қоғамдағы келеңсіздіктерді сынау мен дүние үйлесімін іздеу. Қысқа форматтағы бұл фильмдер бала тілімен сөйлей отырып, үлкендерге де ой салады. Әзіл мен антиутопия, қиял мен ертегіні біріктірген туындылар көңіл-күй мен көркемдік техника тұрғысынан бір-бірінен алшақ, кейде кереғар болуымен-ақ қазіргі қазақ анимациясының көпқырлылығынан хабар береді.



Тимур мен айдаһар (2014), реж. Рамиль Усманов, Юлия Тхай

Тынымсыз балақай Тимур туралы сериялы фильмдердің бұл шығарылымында бас кейіпкер айдаһарды жеңіп, айбынды батыр атанғысы келеді. Бірақ улы маскулиндік идеяларынан бас тартып, шын батырлықтың күш көрсету емес, әлсізді қорғау екенін үйренеді.



Мақтаншақ қыз (2012), реж. Қуат Қоңырқұлжаев, Рамиль Усманов, Юлия Тхай

Асыра сөйлеуді әдет қылған Бибігүл күндердің күні “кілем тоқимын” деп ханға өтірік айтады. Өнері ғана емес, өмірі сынға түскен шақта қыз қайтпек? Мақтаншақтық пен жауапкершілік туралы әзілге құрылған оқиға балаларға да, ересектерге де ұнауы кәдік.



Тұңғыш көк түрік (2023), 8 мин, реж. Ділшат Рахматуллин

Көк түріктердің жаралуы туралы мифті тартымды анимация тілімен жеткізе білген туындының оқиғасы шымыр, айтар ойы терең, визуал әлемі тартымды. Отансүйгіштікке үндейтін фильмдердің қатарындағы үздік туындының бірі.



Тастүлек (2014), реж. Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы

Аңыз-ертегілерге негізделген туынды табиғатты бағындыру емес, онымен келісімде болуға үндейді. Фильмнің көркемдік әлеміндегі әр деталь қазақтың дәстүрлі тұрмысын айна-қатесіз бейнелеп, ұлт мәдениетінің астарындағы философияны әсерлі жеткізеді.



Үндеме (2022) 8 мин, реж. Мейіржан Төлепбай

Антиутопия жанрында әдіптелген бұл шығарма қараңғы бояулармен, Бруно Каталано стиліндегі қуыс адамдардың қапастағы тіршілігін бейнелейді. Саяси астары бар туынды кез келген қараңғылықты адамның ішкі сәулесі жарып шығады деген маңызды ой айтады.



Қандай рақат сәбилер жыламаған! (2022), реж. Маржан Жұбаныш

Маржан Жұбаныштың бұл фильмі оның әдепкі, ұлпадай үлбір, түрлі-түсті, көпқатпарлы әлеміне құрылған. Фильмнің визуал табыстары сәби аңсаған жұбайлардың ізгі ниетін ғана емес, ұлттық танымдағы пір мен киенің орнын да түсіндіріп береді.



Шаңырақ (2025), реж. Мадина Тажбағамбетова

Бұл фильм әлем жаратылысы мен ұлттық танымнан үйлесім іздейді, және қатты мен жұмсақтың, беріктік пен иілгіштіктің арасындағы үйлесімнен тұратын әлем жаратылысын ұлттық оюлар формасына салу арқылы пәлсапалық ойды көркем жеткізе біледі.

Тағыда

Almaty Museum of Arts пен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясының музыкалық маусымы

Камералық концерт

6 июня, 2026
16:00

ALMA-SEO-banner.png

Ольга Малышеваның «Қарағандыдан кету мүмкін емес» пьесасының оқылымы

Песасының оқылымы

14 маусым, 2026
15:00

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page