Art event in Almaty.
«Қонақтар» көрмесінің жабылуына орай өткізілетін іс-шара бағдарламасы
Сіздерді қонақжайлық, көші-қон, жад пен Қазақстан халықтарының бәріне ортақ тарих сынды тақырыптарды қамтитын Almaty Museum of Arts музейінің алғашқы коллекциялық «Қонақтар» көрмесінің жабылу бағдарламасына шақырамыз.
Екі күнге созылатын бағдарлама суретшілер, зерттеушілер, музыканттар мен көрермендердің басын қосады. Экскурсиялар, дәрістер, шеберлік сабақтары мен перформанстар көрмені соңғы рет тамашалап, бір арнаға тоғысқан сан алуан оқиға мен естеліктерге жаңаша үңілуге мүмкіндік береді.
Жабылу бағдарламасындағы экскурсиялардан басқа барлық іс-шараларға музейге кірерде алған билетті көрсетіп-ақ тегін қатысуға болады. Экскурсия билеттерін музейдің сайтынан немесе кассасынан сатып алуға болады.
8 тамыз, сенбі
13:00–16:00
Aşyq Şeberhana: Қонақтар коллаждары
«Қонақтар» көрмесіндегі туындылардан шабыт алып, пішін, түс пен композицияны еркін үйлестіре отырып, өз қағаз коллажыңды жаса.
13:00–14:00
Көрме кураторы Инга Лаце суретшілер, олардың отбасы мүшелері және арнайы шақырылған қонақтармен бірге экскурсия жүргізеді
Қатысушылар: Меруерт Кунакова, Азат Табиев, Зауреш Сыдыханова, Әлібай Бапанов, Асқар Есенбаев, Игорь Крупко.
Экскурсия билеттерін музейдің сайтынан немесе кассасынан сатып алуға болады.
15:00–16:00
Көрме кураторы Инга Лаце суретшілер, олардың отбасы мүшелері және арнайы шақырылған қонақтармен бірге экскурсия жүргізеді
Қатысушылар: Әлия Исабаева, Ғалым Ахметов, Гузель Закир, Эдуард Казарян, Сәуле Дүйсенбина, Ербосын Мелдібеков.
Экскурсия билеттерін музейдің сайтынан немесе кассасынан сатып алуға болады.
17:00
«Қонақтар» көрмесінің жабылуына орай өтетін концерт
Көрмеге қойылған картиналар рухынан шабыт алған бұл музыкалық бағдарлама оларға жаңаша көзқараспен қарап, «Қонақтар» көрмесімен айрықша қоштасуға мүмкіндік береді
Тағыда
…
…
…


…
01 Jul 2024
01 Jul 2024


…
01 Jul 2024
01 Jul 2024


…
01 Jul 2024
01 Jul 2024


