top of page

EEGERU ансамблінің «Киноаппарат ұстаған адамға арналған музыка» атты концерті

Untitled.png

Концерт

2026 ж. 9 маусым

Art event in Almaty.

«Киноаппарат ұстаған адамға арналған музыка» атты концерт атауы Дзига Вертовтың культке айналған фильмімен байланысты

2026 ж. 10 қыркүйек

Дата для разметки

Тіркелу
Бағдарлама және тіркеу

«Киноаппарат ұстаған адамға арналған музыка» атты концерт атауы Дзига Вертовтың культке айналған фильмімен байланысты. «Киноаппарат ұстаған адам» кино тілінің жаңа манифесіне айналса, бұл музыкалық бағдарлама да құрылым мен ырғаққа сүйенген музыкалық манифест іспетті. Мұнда дыбыс ешқандай түсіндірме көмегінсіз-ақ сайрап тұр.



Вертов фильмді кадрлардың ырғақ үйлесіміне негіздеп құрса, минималист композиторлар да музыканы дыбыс ырғағының құрылымы арқылы жасайды. Қайталау, ығысу, жылдамдау мен баяулау - екеуіне де ортақ қағидаттар.



Жаһандық кино жауһарлары үлкен сахна төрінде өнер сүйер қауым назарына ұсынылады. Ал музыканттардың партитураларында – минимализмнің «түрлі» мектептері: америкалық (Стив Райх, Терри Райли, Филипп Гласс), еуропалық (Арво Пярт) және постминимализм (Павел Карманов, Гия Канчели). Бұл шығармалардың барлығын біріктіретін ортақ қасиет – қарапайым қалып, сезім тереңдігі мен тыңдарманға түсінікті де ашық болуға ұмтылыс.



«Киноаппарат ұстаған адамға арналған музыка» концертінің бағдарламасы:



1 S.Reich - «Electric Counterpoint»


2 T.Riley- «G song»


3 P.Glass - String Quartet #3 «Mishima»


4 P.Karmanov - «Cambridge music»


5 А.Párt - «Summa», «Mozart-Adagio»


6 G.Kancheli - «Simple music»

Тағыда

«Мүсіндер» көрмесінің кураторы Әлия Тизенгаузенмен кездесу өтеді

10 қыркүйек, 2026
18:00

ALMA-SEO-banner.png

OPEN CALL: JAS Photo

Экспериментал фотосурет курсы

26 қыркүйек – 28 қараша 2026

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page