top of page

Музейлер түні

Untitled.png

2026 ж. 16 мамыр

Билет алу

Art event in Almaty.

Almaty Museum of Arts-та алғашқы Музейдегі түн өтеді! Бағдарлама аясында танымдық дәріс, Герман Поповтың музыкалық перформансы, Aşyq Şeberhana арт-белсенділігі және Nobai сурет салу клубының жұмысы жоспарланған.
Registration

Almaty Museum of Arts-та алғашқы Музейдегі түн өтеді! Бағдарлама аясында танымдық дәріс, Герман Поповтың музыкалық перформансы, Aşyq Şeberhana арт-белсенділігі және Nobai сурет салу клубының жұмысы жоспарланған.



Сағат 18:00-ден 00:00-ге дейін кіру тегін!

Барлық іс-шараға тегін қатыса аласыз.



18:30 - 19:30

“Видео-артты қалай қарау керек?” атты дәріс

Қазір кім-кімнің де жүрегінің түбінде бір-бір видеосуретші жатқан секілді, бірақ күнделікті көзге үйреншікті визуал ағынды саналы көркемдік шешімдерден ажыратудың амалы бар ма? Біз қозғалмалы бейненің өміріміздегі рөлі туралы әңгімелейміз: смартфондағы қысқа видеолардан бастап, музей кеңістігіндегі ауқымды экспозицияларға дейін. Видеоарттың біздің санамыздағы уақыт жайлы түсінікті қалай-қалай құбылтуға қауқарлы екенін ойталқыдан өткізіп, кадр құрылымының механизмдерін білу бүгінгі біздің өмірімізде әріп танумен бірдей дүниеге айналғанын да сөз етеміз.



19:30 - 23:00

Герман Поповтың музыкалық перформансы

Музыкант-мультиаспапшы, композитор әрі зерттеуші Герман Попов дәстүрлі шығыс әуендеріне заманауи және экспериментал дыбыстық өңдеу жасайтын бағдарлама ұсынады. Перформанс аясында винилден қойылатын тректер мен өз альбомдарындағы композициялар, соның ішінде Алмагүл Меңлібаевамен бірлесе жазған жұмыстар да орындалады.



21:00 - 22:00

Орталық Азия видеоартының көрсетілімі

Бағдарлама Алмагүл Менлібаеваның және Орталық Азияның өзге де жетекші суретшілерінің видеожұмыстарымен таныстырып, видеоарттың ауқымын кеңейтеді. Біз “кадрдың қалай өрбитініне” куә боламыз: көркем ойдың классикалық сюжет логикасына сүйеніп немесе қозғалыстың ырғақты ағыны негізінде қалай жеткізілетінін қарастырамыз.



18:00 - 21:00

Nobai, сурет салу үйірмесі

«Ұлы Дала» залында әртүрлі техникаларда нобайлар жасап, Алмагуль Менлибаева шығармаларымен жақынырақ танысамыз.


Aşyq Şeberhana: Қағаз тоқыма, барлық жасқа арналған

Осы айдағы Aşyq Şeberhana-ға келіп, суретші шығармашылығынан шабыттанып, өзіңізге қағаз кенеп тоқып алыңыз.

Тағыда

Алмагүл Менлібаеваның «Мен бәрін түсінемін» көрмесінің жабылуына орай жоспарланған іс-шаралар бағдарламасы

15-17 мамыр, 2026

ALMA-SEO-banner.png

Куратор көзқарасы: Антонина Стебур
Инфрақұрылым күйресе, не болады?

Дәріс

13 мамыр, 2026
19.00-20.00

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page