top of page

Көктем – көк кілем: Музейдегі наурыз

Untitled.png

Билет алу

Art event in Almaty.

Наурыз мерекесіне арналған «Көктем – көк кілем» мұражай бағдарламасы тоқыма өнерін көне дәстүрлерден бастап, қазіргі замандағы жаңа көркемдік тәпсірлерге дейінгі мәдени код ретінде танытады.
Тіркелу
Бағдарлама және тіркеу

Батыс өнері тарихында тоқыма ұзақ уақыт бойы қосалқы, екінші дәрежелі өнер түрі ретінде қабылданып келді. Ал көшпелі мәдениетте, керісінше, мата – білім мен жадының сақтаушысы. Ою-өрнек пен тоқу техникасы ғасырлар бойы ата-бабалар тәжірибесі мен дүниетанымын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған.

Наурыз мерекесіне арналған «Көктем – көк кілем» мұражай бағдарламасы тоқыма өнерін көне дәстүрлерден бастап, қазіргі замандағы жаңа көркемдік тәпсірлерге дейінгі мәдени код ретінде танытады. Бағдарлама аясында Şeberhana шебер сабақтары, дәрістер, кино көрсетілімдері және осы тақырып төңірегіндегі экскурсиялар өтеді.


21-25 наурыз аралығында мұражай күн сайын, дүйсенбіні қоса алғанда, сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін ашық.


Мұражайға кіру билетін көрсеткен жағдайда барлық іс-шараға қатысу тегін.



Şeberhana-да жүнмен жасалатын арт-белсенділіктер

Тоқыма суретшісі әрі зерттеуші Ажар Алтынсақаның кураторлығымен өтетін бұл воркшоптар сериясында біз үлбіреген жүннің қалай көздің жауын алар түрлі-түсті текеметке айналғанының куәгері боламыз.

Арт-белсенділіктер күн сайын сағат 13:00-ден 16:00-ге дейін өткізіледі.


21-25 наурыз аралығында: мереке күндері мұражайдың балконын ажарландыра түсетін сырмақ жасаймыз.


21, 23 және 25 наурыз: жүнді сабаумен сабап, шым-ши тоқимыз.


22 және 24 наурыз: жүннен күрделі ою-өрнектер құрастырып, киіз басамыз.



Дәрістер мен сұхбаттар

22 наурыз, сағат 16:00-де Сәуле Сүлейменованың «Олар бізді көре бастағанда» атты жаңа жұмысы туралы талқылау өтеді.


23 наурыз, сағат 16:00-де «Дала сыры: қазақтардың өнеріне тұтас Ғалам қалай сыйып кеткен?» атты дәріс өтеді.

Қазақтың дәстүрлі өнерін түсіну үшін алдымен Даланың жүрегіне үңілу керек. Бұл – даланы паналаушы мен оның айналасындағы Ғалам арасындағы шынайы диалог тарихы: ол жаратылыс ақиқатын қалай ұққанын және өз орнын қалай тапқанын көрсетеді. Біз көшпелілер пәлсапасы мен олардың түсінігіндегі түрлі мән-мағыналардың қалай физикалық күйге еніп, қарапайым заттарға жан бітіп, қасиетті тұмарға айналғанының куәгері боламыз.

Дәрісті зерттеуші әрі тоқыма суретшісі Ажар Алтынсақа оқиды. Дәріс орыс тілінде өтеді.


24 наурыз, сағат 16:00-де «Мен бәрін түсінемін» көрмесі аясында Алмагүл Меңлібаевамен талқылау өтеді.


25 наурыз, сағат 16:00-де «Көшпелілер тоқымамен қалай айналысқан. Әлемдегі тасымалға ең ыңғайлы тоқу білдегі» атты дәріс пен алаша тоқу бойынша шебер сабағы өтеді.

Дәрістен сіздер қазақ даласындағы тоқыма өнерінің даму жолынан хабардар боласыздар және қазіргі таңда алаша тоқу техникасын жандарндырып жүрген хас шебер Гүлзира Сәрсембаевамен танысып, қазақтың Өрмек атты станогын көріп қана қоймай, әлемдегі тасымалға ең ыңғайлы құрылғысына отырып жұмыс істеп көре аласыз. Дәріс орыс тілінде өтеді.


Кино көрсетілімдері

Кинотанушы Әсия Бағдәулетқызы іріктеген көркем және анимациялық туындылар көрсетілімі.

«Қыз Жібек» (1970) қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен тұрмысын бар салтанатымен қайта тірілтуге талпынса, «Жаңғақтал» (2016) – бүгінгі қазақ болмысын шынайы әрі жіті зерделеу. Бағдарламаны ересектер мен балаларға ортақ анимациялық фильмдер толықтырады: қазақ мультипликациясының атасы Әмен Хайдаровтың «Қожанасыр  –  құрылысшысы» (1971) – ұлттық мінезге сатиралық көзқарас, ал Маржан Жұбаныштың «Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін» (2024) –  қазақтың этноәлемін түрлі-түсті, таңғажайып бейнеде елестете отырып, патриархал құндылықтарды қайта ой елегінен өткізетін туынды.


22 наурыз, сағат 18:00-де - «Қыз Жібек» (1970) фильмінің көрсетілімі (тілі: қазақша).


23 наурыз, сағат 18:00-де - «Жаңғақтал» (2016) фильмінің көрсетілімі (тілі: орысша).


24 наурыз, сағат 18:00-де - «Қожанасыр құрылысшы» (1971) (тілі: диалогсыз) және «Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін» (2024) мультфильмдерінің көрсетілімі (тілі: қазақша).

Тағыда

Даланың үнсіз айқайы: Карлаг пейзаждары

14 шілде, 2026
19:00

ALMA-SEO-banner.png

Нұргүл Нүсіпжанованың камералық аудиторияға арналған жеке бағдарламасы

31 шілде, 2026
19:00

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page