top of page

Ольга Малышеваның «Қарағандыдан кету мүмкін емес» пьесасының оқылымы

Untitled.png

Пьеса оқылымы

2026 ж. 14 маусым

Билет алу

Art event in Almaty.

«Қарағандыдан кету мүмкін емес» – автофикшн элементтері бар мистикалық драма, пьеса-саяхат. Онда басты кейіпкер өз жадындағы шырмауық лабиринттен шығудың жолын іздейді
Тіркелу
Бағдарлама және тіркеу

«Қарағандыдан кету мүмкін емес» – автофикшн элементтері бар мистикалық драма, пьеса-саяхат. Онда басты кейіпкер өз жадындағы шырмауық лабиринттен шығудың жолын іздейді. Жолай оған сан түрлі жұмбақ кейіпкерлер кездеседі. Алайда олар бұл тұйық кеңістіктен қалай құтылуға болатынына, тіпті одан құтылу мүмкін бе деген сұраққа жауап табуға көмектесе қоймайды. Өйткені Қарағандыдан қашып шығу әрекеті кейіпкердің өз-өзінен қашуға талпынысына тым ұқсас.



«Қарағандыдан кету мүмкін емес» пьесасының алғашқы оқылымы 2024 жылы Ташкент қаласындағы «Ильхом» театрында өтті.



Almaty Museum of Arts алаңында пьесаның Қазақстандағы тұсаукесер оқылымы ұсынылады.



Пьесадағы диалогтар қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Бұл қостілділік әрі көркемдік тәсіл, әрі кейіпкер мен автордың өзін-өзі тануы мен айқындауының бір жолы ретінде көрініс табады.



Пьесаның жеке бір сюжеттік желісін автор мәтінге енгізген саундтрек құрайды. Radiohead-тен бастап «Масло чёрного тмина» - ға дейінгі 13 композиция баскейіпкердің жан дүниесінде болып жатқанның бәріне құлақ асуға мүмкіндік береді.



Оқылымды «искусство» тәуелсіз театр жобасы сахналайды.



Пьеса: Ольга Малышева

Оқылым режиссері: Дмитрий Гомзяков



Оқылымға қатысатындар:

Лаура Көбелекова

Дінмухамед Шыныбаев

Кира Кузырова

Юлия Гомзякова

Азиз Бейшеналиев

Ольга Малышева



Ольга Малышева – қазақстандық драматург және театр продюсері. Жиырмаға жуық пьеса жазып, Қазақстандағы мемлекеттік және тәуелсіз театрларда сахналанған оннан астам қойылымға өз үлесін қосқан . Оның пьесалары республикалық және халықаралық драматургиялық фестивальдердің лоң және шорт тізімдеріне еніп, түрлі байқаулардың жеңімпазы атанды. Шығармалары оқылымдар мен эскиздер форматында әлемнің тоғыз елінде таныстырылып, ағылшын, румын және поляк тілдеріне аударылған. Сондай-ақ жылына екі рет Алматыдағы «Трансформа» кеңістігінде өтетін «Драмарафон» қысқа пьесалар микрофестивалін ұйымдастырады.



Дмитрий Гомзяков – театр режиссері, педагог «проект искусство»-ның негізін қалаушы. Өз шығармаларында заманауи адам болмысын театр, деректі практикалар мен перформанс арқылы зерттейді. Оның қойылымдары болмыс, жалғыздық, жад, адами қарым-қатынастар және адамның дүниедегі өз орнын іздеуі секілді тақырыптарды қаузайды. Orda.kz оған «Жыл режиссері» атағын табыстады. Қазақстанның тәуелсіз театр алаңдарында ұсынылған «Жануар», «Үт», «Персона» және басқа да жобалардың авторы.



Іс-шараға музей билетімен кіру тегін.

Тағыда

«Қазақфильммен» бірлескен мультипликациялық фильмдер көрсетілімі

23 маусым, 2026 16:00
28 маусым, 2026 16:00

ALMA-SEO-banner.png

Craft Night

Ай сайынғы қолөнер клубы

23 маусым, 2026

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page