top of page

Forbidden Playground

Untitled.png

Отбасылық фестиваль

2026 ж. 29 мамыр

Билет алу

Art event in Almaty.

Көшелері ойын алаңына айналып, әр бұрышынан қуаныш пен шаттықтың лебі есетін қала өміріне бойлаңыз. Forbidden Playground (ағыл. Тыйым салынған ойын алаңы) отбасылық фестивалі бірнеше күн бойы (29-31 мамыр) Алматының қоғамдық кеңістіктерін ойын, еркіндік пен қамқорлыққа толы аймақтарға айналдырмақ.
Registration

Ойын тәжірибесінің қағидалары, феминистік көзқарас пен ата-аналардың күнделікті өмірінен  шабыт ала отырып, қоғамдық кеңістіктерді үлкен ойын алаңының бір бөлігіне айналдырамыз.



Жоба суретші Мәдина Жолдыбек (Қазақстан) бастамасымен, Leap Then Look көркем дуэтімен серіктестікте (Ұлыбритания), сондай-ақ өзге де суретшілер мен зерттеушілердің қатысуымен жүзеге асады.



Фестиваль бағдарламасында:

 - интерактив инсталляциялар;
- еркін ойын ретінде өтетін белсенділіктер;
- Leap Then Look суретшілері және Мәдина Жолдыбекпен бірге өтетін уоркшоптар;
- Jolda заманауи би театрының уоркшопы;
- зерттеуші Эльмира Какабаевамен аналарға арналған шығармашылық жазу сессиясы;
- Аналар манифесі бірлесіп тоқу тәжірибесі.



Сондай-ақ бағдарлама аясында Leap Then Look суретшілері, Мәдина Жолдыбек, әлеуметтік-эмоционалдық оқыту саласының маманы Құралай Жарқымбаева, сәулетші және мәдениет саласының маманы Әсел Есжанова және ALMA музейінің халықаралық бағдарламалар кураторы Инга Лаце қатысатын Let Children Play (Балаларға ойнауға мүмкіндік берейік) панельдік дискуссиясы өтеді.



Бұл фестиваль Мәдина Жолдыбектің қамқорлық пен ата-ана болу, қоғамдық кеңістіктегі ойын және қазіргі балалар өмірінің айнымас бөлігі боп отырған капиталистік ырғақтарға қарсы тұру сынды тақырыптарды қаузайтын көркем зерттеуінің бір бөлігі.



Бүгінде көптеген мектептер мен бала күтімімен айналысатын мекемелерде ойын шектеліп, қатаң ережеге негізделіп барады: балаларға баға қояды, ал бос уақытта олар ойнаудың орнына экранға телміреді де отырады. Ересектер таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейінгі жұмыста, тұрмыстық және отбасылық міндеттері де таусылмайды, балаларға мектепте артылатын жүктеме де аз емес, бітпейтін үй тапсырмалары тағы бар... сондықтан жаппай шаршау және қажу сезімдері үдей түскенін байқауға болады.



Forbidden Playground көпшіліктің есіне зерігу мен еркін ойынның қаншалықты маңызды екендігін салады. Сол арқылы баланың қиялы, эмоциясы дамиды, өз денесін игеруді үйренеді.



Сондай-ақ, Forbidden Playground аналар өздерін қауіпсіз әрі сыни көзқарастан ада ортада сезінуге көмектесетін кеңістік қалыптастыруды көздейді: мұнда олар өз тәжірибесін бөлісіп, бір-біріне қолдау көрсетіп, түсінетін орта табады. Жоба аналардың қоғамда шеттетілуіне қарсы тұрады: қала өмірінде кейде кішкентай баласы бар аналарды құп көре бермейді. Аналар болашақ қоғамды қалыптастыруда аса маңызды рөл атқарғанымен, алайда олардың еңбегі көбіне көзге көрінбейді, аса бағалана бермейді.



Аналарды әңгімеге шақыра отырып, Forbidden Playground балаға қамқорлық көрсету әркімнің жеке шаруасы емес, өмір үшін аса маңызды қоғамдық инфрақұрылым ретінде қарастыруды ұсынады.



Фестиваль Almaty Museum of Arts ұйымдастыруымен, British Council-дің Connections Through Culture бағдарламасының қолдауымен және Алматы Бас ботаникалық бағы серіктестігімен өтеді.



Бағдарлама


Фестиваль үш күн бойы Almaty Museum of Arts (ALMA) пен Бас ботаникалық бақтың аумағында өтеді және оған балалар да, ересектер де қатыса алады.



Музейге немесе Бас ботаникалық бақ аумағына кіру билеті болған жағдайда барлық іс-шараға тегін қатыса аласыз. Blindfolded Clay (Көзді байлап, сазбен жұмыс істеу) арт белсенділігі мен Jolda ұжымы жасайтын Тән Лабиринті аталатын уоркшопқа және Эльмира Қақабаевамен өтетін «Ма-Ма-Манифест! 💅🏽💪🏽» креатив жазу уоркшобына алдын ала тіркелу қажет.




29 мамыр, жұма


100 Miles of String (100 шақырым жіп): арт-белсенділіктің таныстырылымы, Leap then Look ұжымымен бірге
11:00, Бас ботаникалық бақ



100 Miles of String: ашық сағаттар
11:00-17:30, Бас Ботаникалық бақ

Көшедегі бағаналарға түрлі-түсті жіптерді орап, интерактив өрмек тоқуға ат саласыңыз да, ауқымды инсталляция авторларының біріне айналыңыз.



Looking Devices (Көз әйнектер): ашық сағаттар
11:00-18:00, Музей, Сарыарқа залы

Айналаны алуан түске бояп, айрықша визуал әсер қалдыратын түрлі-түсті көз әйнектер арқылы жан-жағыңызға көз тастап, музейдің сәулеті мен ол жердегі жасырын детальдарды зерттеңіз.



Soft Sculptures (Жұмсақ мүсіндер): арт белсенділіктің таныстырылымы, Leap Then Look ұжымымен бірге
17:00, Музей, Art Street



Soft Sculptures: ашық сағаттар
17:00-19:30, Музей, Art Street

Жұмсақ мүсіншелерді құшақтап, киіп көріп, сондай-ақ бір-біріне жалғап, ойын мен зерттеу нысандарын жасауға болатын тактильді әлемге бойлаңыз.



Панельдік дискуссия: Let Children Play (Балаларға ойнауға мүмкіндік берейік)
18:30-20:00, Музей, Әл-Фараби залы + онлайн, мына сілтемеде


қонақтардың балаларына арнайы арт-белсенділік ұйымдастырылады



Спикерлер: Мәдина Жолдыбек (дисциплинааралық суретші), Leap Then Look (Люси Крэн и Билл Лесли, британиялық суретшілер дуэті), Инга Лаце (куратор), Құралай Жарқымбаева (қоғамдық инноватор), Әсел Есжанова (сәулетші).




30 мамыр, сенбі


100 Miles of String (100 шақырым жіп): ашық сағаттар
11:00-17:30, Бас ботаникалық бақ



Blindfolded Clay (Көзді байлап, сазбен жұмыс істеу): арт белсенділік, Leap then Look ұжымымен бірге
12:00-12:30, 12:45-13:15, 13:30-14:00, 16:00-16:30, 16:45-17:15, 17:30-18:00
Музей, Şeberhana

Көзіңізді байлап, тек түйсігіңіздің жетегінде саз балшықтан түрлі дүниелер жасап, сол арқылы жаңа сезім әлемін ашыңыз.


Музейге кіру билеті болған жағдайда тегін қатыса аласыз. Ыңғайлы уақытқа билет брондау үшін мына жерге өтіңіз.



Soft Sculptures (Жұмсақ мүсіндер): ашық сағаттар
11:00-18:00, Музей, Art Street



Looking Devices (Көз әйнектер): ашық сағаттар
11:00-18:00, Музей, Сарыарқа залы



Ма-Ма-Манифест! 💅🏽💪🏽: Мәдина Жолдыбекпен бірге бірлесіп тоқу белсенділігі
11:00-18:00, Музей, Art Street



Ма-Ма-Манифест! 💅🏽💪🏽: Эльмира Какабаевамен шығармашылық жазу уоркшобы
13:00-15:00, онлайн


Жазу уоркшобы ана болу мен балаға қамқорлық жасау тақырыптарын қаузайды. Ол барлық аналарға, болашақ аналарға және оған қандай да бір қатысы бар әрбір жанға арналады.



Уоркшопқа қатысу үшін арнайы тіркеуден өту керек. Мына жерден тіркеле аласыз.




31 мамыр, жексенбі


Blindfolded Clay (Көзді байлап, сазбен жұмыс істеу): арт белсенділік
12:00-12:30, 12:45-13:15, 13:30-14:00, 16:00-16:30, 16:45-17:15, 17:30-18:00
Музей, Şeberhana

Музейге кіру билеті болған жағдайда тегін қатыса аласыз. Ыңғайлы уақытқа билет брондау үшін мына жерге өтіңіз.


Looking Devices (Көз әйнектер): ашық сағаттар
11:00-18:00, Музей, Сарыарқа залы



Soft Sculptures (Жұмсақ мүсіндер): ашық сағаттар
11:00-18:00, Музей, Art Street



Мәдина Жолдыбекпен бетперде жасау шеберханасы
11:00-12:00, 13:00-14:00, 15:00-16:00
Музей, Art Street

Жан дүниеңді түрлі бейнелер мен оларды құбылту арқылы жеткіз



Jolda ұжымы жасайтын Тән Лабиринті аталатын уоркшоп (7+ жастағы балалар мен ересектерге арналған)
12:00-13:00, 14:00-15:00, 16:00-17:00
Музей, Әл-Фараби залы

Ересектер мен балалар түркі аңыздары кейіпкерлерінің бетперделерін тағып, қимылдарын қайталап, өз қиялына ерік беретін перформатив сапарға аттанады.

Музейге кіру билеті болған жағдайда тегін қатыса аласыз. Ыңғайлы уақытқа билет брондау үшін мына жерге өтіңіз.

Уоркшобқа ыңғайлы киіммен келуге кеңес береміз.



Серіктестер


Фестиваль British Council, Almaty Museum of Arts (ALMA) пен Алматы Бас ботаникалық бағы қолдауымен жүзеге асырылады.



Жоба авторлары


Мәдина Жолдыбек – көпсалалы суретші және педагог. Оның шығармашылық тәжірибесі тәннің біртұтастығы, ана болу, тағам саясаты және қамқорлық сынды тақырыптарды қаузайды. Текстиль, графика, инсталляция, партиципат өнер және қауымдастыққа бағытталған жобалар секілді әртүрлі медиаларда жұмыс істей отырып, ол ойландыратын, диалог құрғызатын және ұжымдық тәжірибе жасайтын кеңістік қалыптастырады.



Суретшінің жобалары көрмелер мен қоғамдық бағдарламалар аясында Parasol Unit Foundation, Lahore Biennale, Matter of Art Biennale, Centre for Heritage, Arts and Textile, Aspan Gallery, Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі, documenta fifteen және басқа да алаңдарда көпшілікке көрсетілген. Ол Prince Claus SEED Award және B. Bubikanova Art Prize сыйлықтарының лауреаты.



Leap Then Look – 2018 жылы суретшілер Люси Кран мен Билл Лесли негізін қалаған ұжым. Олар интерактив және париципат тәжірибелерімен танымал. Жұмыстары мүсін, перформанс, кино және фотосурет атаулыны бір арнаға тоғыстырып, көрерменді ойын мен тәжірибеге тартуды көздейді. Олар Tate, Royal Academy of Arts, Victoria and Albert Museum (V&A) және Brighton Festival сияқты жетекші мекемелермен ынтымақтасқан.

Тағыда

ALMA-SEO-banner.png

01 Jul 2024

01 Jul 2024

ALMA-SEO-banner.png

01 Jul 2024

01 Jul 2024

ALMA-SEO-banner.png

01 Jul 2024

01 Jul 2024

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page