top of page

Куратор көзқарасы: Антонина Стебур
Инфрақұрылым күйресе, не болады?

Untitled.png

Дәріс

2026 ж. 13 мамыр

Билет алу

Art event in Almaty.

Берлинде өтетін «transmediale 2027» мерейтойлық көрмесінің кураторы Антонина Стебур әңгімені “инфрақұрылымдар күйресе, кураторлар не істемек? деген қарапайым сұрақтан бастайды.
Registration

Берлинде өтетін «transmediale 2027» мерейтойлық көрмесінің кураторы Антонина Стебур әңгімені “инфрақұрылымдар күйресе, кураторлар не істемек? деген қарапайым сұрақтан бастайды.



Өзінің саяси және активистік тәжірибиесін негізге ала отырып, ол куратор жұмысын жүйеден тыс дүние емес, керісінше сол жүйелердің қирандысының үстінде жүзеге асатын тәжірибие ретінде қарастырады. «Қауіпсіздік сезімі» (Харьков, 2024) көрмесінде куратор жұмысы үзіліп кететұғын нәзік қылдай байланыстарды сақтап қалу мен тәжірибеге ортақтасатын кеңістік құру тәсілі ретінде көрініс табады. «Біз ұжым болып нені армандаймыз?» (Варшава) атты жобада байланыстар қалай орнап, өзара тәуелділік қалай қалыптасатынын назарға алады. Ал «transmediale 2027» көрмесі бұл тәсілді одан әрі дамытып, куратор жұмысын байланыс орнатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылымның бір формасы ретінде қарастырады.



Осы жобалар негізінде Стебур куратор болуды контр-инфрақұрылымның бір формасы ретінде ұсынады. Бұл  жай ғана бейнелеу емес, керісінше қатынастар құрудың, нәзік байланыстарды сақтап қалудың және соғыс, күштеп қоныс аудару, экстрактивизм мен технологиялық режимдер қалыптастырған жағдайларға жауап берудің бір тәсілі.



Антонина Стебур – көрмелер, ассамблеялар және ұзақмерзімді бірлескен жобалар аясында жұмыс істейтін куратор әрі зерттеуші. Ол AWC Journal басылымының бас редакторы және Mycelium [Грыбнiца] деколониялық зерттеу зертханасы жобасының негізін қалаушы. Ол жұмыс істеген соңғы жобалар қатарында «Біз ұжым болып нені армандаймыз?» (2025, Варшава) және «Қауіпсіздік сезімі»  (2024, Харьков) бар. Сондай-ақ ол documenta 15, Manifesta 14, ZKM және Theatertreffen Berlin жобаларына қатысқан. Қазіргі уақытта ол «transmediale 2027» мерейтойлық көрмесінің кураторы.



Куратор көзқарасы – Almaty Museum of Arts алаңында өтетін дәрістер сериясы. Бұл жоба түрлі аймақтар мен контексттердегі сан алуан кураторлық тәжірибелер мен тәсілдерді бір арнаға тоғыстырады.


Шара орыс тілінде өтеді. Дәріске қатысу тегін, алайда алдын ала тіркелу қажет.

Тағыда

Алмагүл Менлібаеваның «Мен бәрін түсінемін» көрмесінің жабылуына орай жоспарланған іс-шаралар бағдарламасы

15-17 мамыр, 2026

ALMA-SEO-banner.png

Музейлер түні

16 мамыр, 2026
18:00-00:00

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page