top of page

Вину Дэниелмен шығармашылық кездесу: экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді сәулет өнері
Bölme School-мен бірлескен жоба

Untitled.png

Дәріс

2026 ж. 10 шілде

Билет алу

Art event in Almaty.

Bölme School-мен бірлесе ұйымдастырылған бұл іс-шарада Үндістанның танымал сәулетшісі Вину Даниэл тұрақты сәулет өнері мен өзінің Wallmakers студиясының осы саладағы тәжірибесі туралы әңгімелейді.
Тіркелу
Бағдарлама және тіркеу

Bölme School-мен бірлесе ұйымдастырылған бұл іс-шарада Үндістанның танымал сәулетшісі Вину Даниэл тұрақты сәулет өнері мен өзінің Wallmakers студиясының осы саладағы тәжірибесі туралы әңгімелейді.



Бүгінгі күні аса үлкен қауіп тудырып келе жатқан жаһандық климаттық дағдарыс кезінде адамдар өздерінің қай бағытта бара жатқанымы туралы ойлануы маңызды. Осыған орай «Біз қандай ғимараттар салуымыз керек?» сияқты сұрақтардың орнына жалпы «қаншалықты бұны жалғастыру керек?» деген сияқты сұрақтар өзекті болып келеді. Ал құрылыс салуымыз сөзсіз керек болатын жағдайға тап болған кезде, жаңа материалдардың орнына экологиялық қауіпке айналған материалдарды пайдалану қажеттілігі уақыттың қажеттілігіне айналды.



Wallmakers ұжымында сәулетшілер ғимарат алаңынан оңай алына алатын, қолжетімді материалдардың қасиеттерін түсініп, пайдалануға немесе қалдықтармен құрылыс соғуға сендіріп, оларды  Debris Wall мен the Shuttered Debris Wall сияқты әдістерді зерттеуге және әзірлеуге итермеледі.



Wallmakers ұжымының мақсаты - инновациялық, утилитарлық дизайндар мен контексттік арманшыл кеңістіктерді құрудағы тепе-теңдікті сақтай отырып, нақты құрылыс контексттері мен жағдайларына жауап беретін тұрақты кеңістіктерді соғу.



Қысқа биография:


Вину Даниэл 2005 жылы Тривандрумдағы Инженерлік колледжде бакалавр дәрежесін алды, содан кейін Auroville Earth Institute for the UNDP (United Nations Development Programme) ұжымында цунамиден кейінгі құрылыс жұмыстары бойынша бағдарламада жұмыс істеді.



2007 жылы Пондичерриден оралғаннан кейін ол Wallmakers ұжымын құрды. Ұжым атауын басқалар таңдап берген себебі ұжымның алғашқы жобасында топ күрделі қабырғаны соққан болатын. Оның тәжірибесі барысындағы көптеген жаңалықтар оны тұрақты және үнемді сәулет өнеріне күш салуға итермеледі.



Он жылдан астам уақытқа созылған тәжірибесімен Wallmakers көптеген халықаралық марапаттарға ие болды, соның ішінде ArchDaily 2020 жылғы 20 жас тәжірибе тізіміндегі жалғыз үнді ұжымы ретінде таңдалды, 2022 жылғы Brick Award сыйлығының номинанты және Лондондағы The Royal Academy of Arts өткізген 2022 жылғы The Royal Academy Dorfman Award сыйлығын жеңіп алды. Cонымен қатар, Вину Даниэл TED Talks (TED 2023: МҮМКІНДІК, Ванкувер) конференциясында спикер болуға шақырылған ең жас үнді сәулетшісі.



Bölme жайлы:



Bölme пәнаралық мектебі - 2023 жылы сәулет өнері, заманауи өнері және менеджмент саласындағы қазақстандық мамандар құрған коммерциялық емес бастама.

Bölme білім беру платформасы ретінде көркемдік пәндер арасындағы шекараларды жою үшін құрылған. Мектеп жас мамандарға әлеуметтік мәселелер мен бейнелеу өнері саласында концептуалды және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін сәулет өнер, көркем өнер, дизайн, қолданбалы және теориялық тәсілдерді біріктіреді.

2026 жылы Bölme пәнаралық мектебінің жобасы халықаралық ALIPH Foundation қоры мен Еуропалық Одақтың бірлескен қаржыландыруы, Sär Foundation қоры мен Данагүл Төлепбайдың қолдауының арқасында жүзеге асырылды.



Кездесу ағылшын тілінде өтеді, қазақ және орыс тілдеріне синхронды аударма мүмкіндігі болады. Алдын ала тіркелу арқылы қатысу тегін.

Тағыда

ALMA-SEO-banner.png

01 Jul 2024

01 Jul 2024

ALMA-SEO-banner.png

01 Jul 2024

01 Jul 2024

ALMA-SEO-banner.png

01 Jul 2024

01 Jul 2024

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page