top of page

Назиля Нагимовамен шығармашылық кездесу: жүн және киізбен жұмыс істеудегі көркемдік тәжірибе туралы
Bölme School-мен бірлескен жоба

Untitled.png

Дәріс

2026 ж. 16 шілде

Билет алу

Art event in Almaty.

Тіркелу
Бағдарлама және тіркеу

Назиля Нагимовамен шығармашылық кездесу барысында біз киізбен дәстүрлі, шеберлік, сонымен бірге, заманауи көркемдік және суретшінің жеке тәжірибесін үйлестіретін тірі материал ретінде қарастырамыз. Баяндамада суретші өзінің киіз басу әдістерін, оның мүсіндік мүмкіндіктерін және материалдың естелік, дене және табиғат тақырыптарын қалай зерттейтінін талқылайды.



Қысқа биография:

Назиля 1982 жылы Татарстанның Қазан қаласында дүниеге келген және 2004 жылдан бері Германияда тұрады. Ол Қазан қаласының көркемсурет мектебінде және Мюнстердегі бейнелеу өнері академиясында оқыған.



Назиля өз шығармашылығында негізінен киіз бен тоқыма бұйымдарын негізгі көркемдік құралдар ретінде пайдаланып, естелік, identity, шығу тегі мен мәдени мұра сияқты тақырыптарды зерттейді.



Оның соңғы көрмелеріне Nika Project Space-пен жобалары, Davra Collective-пен бірге documenta fifteen қатысуы және Haus der Kulturen der Welt (Берлин), Center for Heritage, Arts & Textiles (Гонконг), Institut des Cultures d'Islam (Париж) және Fondazione Giorgio Cini (Венеция) қорларындағы презентациялары кіреді.



Bölme жайлы:


Bölme пәнаралық мектебі - 2023 жылы сәулет өнері, заманауи өнері және менеджмент саласындағы қазақстандық мамандар құрған коммерциялық емес бастама.

Bölme білім беру платформасы ретінде көркемдік пәндер арасындағы шекараларды жою үшін құрылған. Мектеп жас мамандарға әлеуметтік мәселелер мен бейнелеу өнері саласында концептуалды және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін сәулет өнер, көркем өнер, дизайн, қолданбалы және теориялық тәсілдерді біріктіреді.



2026 жылы Bölme пәнаралық мектебінің жобасы халықаралық ALIPH Foundation қоры мен Еуропалық Одақтың бірлескен қаржыландыруы, Sär Foundation қоры мен Данагүл Төлепбайдың қолдауының арқасында жүзеге асырылды.



Кездесу орыс тілінде өтеді, алдын ала тіркелу арқылы қатысу тегін.

Тағыда

ALMA-SEO-banner.png

01 Jul 2024

01 Jul 2024

ALMA-SEO-banner.png

01 Jul 2024

01 Jul 2024

ALMA-SEO-banner.png

01 Jul 2024

01 Jul 2024

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page