top of page

Медер Ахметовпен кездесу: пәнаралық практикалар
Bölme School - мен бірлеістікте

Untitled.png

Дәріс

2026 ж. 20 маусым

Билет алу

Art event in Almaty.

Bölme School-мен бірлестікте ұйымдастырылып жатқан бұл шара аясында суретші және архитектор Медер Ахметов өзінің пәнаралық практикалардағы тәжірибиесі туралы айтып береді
Тіркелу
Бағдарлама және тіркеу

Bölme School-мен бірлестікте ұйымдастырылып жатқан бұл шара аясында суретші және архитектор Медер Ахметов өзінің пәнаралық практикалардағы тәжірибиесі туралы айтып береді.



Кездесу барысында Медер өзіне әсер еткен адамдар мен тәжірибелер туралы айта кетеді. Оның арасында, алдымен, Медердің қала құрылысшысы және әдіскер Орозымбековпен кездесуі туралы әңгімелер. Орозымбеков Медерді композиция, құрылымдық торлар және қалалық құрылым ұғымдарымен таныстырды. Кездесу барысында Медер осы тәжірибеден шыққан иллюстрацияларын көрсетеді. Содан кейін Медер Дессаудағы DIA Dessau Institute of Architecture-де оқуы жайлы тоқталып, онда сыни теориясы мен emergent architecture ұғымдарымен танысады. Магистратураны бітіргеннен кейін Бішкекке оралған Медер сәулетші және куратор Ұлан Джапаровтың студиясында жұмыс істей бастайды, бұл да оның тәжірибесіндегі тағы бір қызықты бетбұрыс болды. Мұнда Медер көркем объектілерге қызығушылық танытып, кейіннен Харманның философиясын оқу арқылы бұл эстетикалық тәжірибелерді өз шығармашылығынан орын табады.



Қысқа биография:


Медер Ахметов - қырғызстандық көпсалалы суретші, сәулетші және куратор. Ол DIA Dessau Institute of Architecture (Дессау, Германия) институтынан алған сәулет өнерінің магистрі. Медер түрлі медиумдармен жұмыс істейді. Оның шығармашылығы кескіндеме, графика, инсталляциялар, фотоколлаж, объект-коллаждары, public art (оның арасында мозаиканы қоса алғанда), көбінесе тәжірибе жүзінде іске асатын ұжымдық шеберлік сабақтары арқылы жасалады. Медердің шеберлік сабақтары мен қоғамдық өнер іс-шараларын өткізеді, кураторлық тәжірибесімен бірге көркемөнер дәрістерін ұйымдастырады. Ол қоғамдық өнер бағдарламаларын әзірлейтін және жергілікті көркем қоғамдастықпен байланысатын "MUSEUM" атты өнер тобының және SILK (Қырғызстанның әлеуметтік инновация зертханасы) зерттеу тобының мүшесі. Көркемдік және кураторлық жұмысынан басқа, Медер заманауи өнер теориясы мен заманауи философияны зерттейді және осы тақырыптар бойынша мәтіндер жазады.



Bölme жайлы:


Bölme пәнаралық мектебі - 2023 жылы сәулет өнері, заманауи өнері және менеджмент саласындағы қазақстандық мамандар құрған коммерциялық емес бастама.



Bölme білім беру платформасы ретінде көркемдік пәндер арасындағы шекараларды жою үшін құрылған. Мектеп жас мамандарға әлеуметтік мәселелер мен бейнелеу өнері саласында концептуалды және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін сәулет өнер, көркем өнер, дизайн, қолданбалы және теориялық тәсілдерді біріктіреді.



2026 жылы Bölme пәнаралық мектебінің жобасы келесі демеушілердің қолдауының арқасында жүзеге асырылды: халықаралық ALIPH Foundation қоры мен Еуропалық Одақтың бірлескен қаржыландыруы, аймақтық студенттерге арналған стипендияларды қолдаған Sär Foundation қоры, Данагүл Төлепбай.


Музей билетімен кіру тегін.

Тағыда

Қонақтар: Жөн-жоралғыны сүйемелдейтін әуен

Дәріс

20 маусым, 2026
15:00

ALMA-SEO-banner.png

«Ревизор» Неміс театрының спектаклі

Спектакль

19 маусым, 2026
19:00

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page