Art event in Almaty.
Бұл дәрісте әңгіме Билл Виола туындыларын тамашалаудан басталып, соңғы он жыл ішінде пайда болған фундаментал тәжірибелер арқылы заманауи өнерде қозғалмалы бейнелердің қалай дамығаны жайлы сөз қозғалады.
Билеттерді музейдің ресми сайтынан немесе кассалардан сатып алуға болады.
Бұл дәрісте әңгіме Билл Виола туындыларын тамашалаудан басталып, соңғы он жыл ішінде пайда болған фундаментал тәжірибелер арқылы заманауи өнерде қозғалмалы бейнелердің қалай дамығаны жайлы сөз қозғалады. Дәрісте Джоан Джонас, Апичатпоң Вирасетакул, Саодат Исмаилова, Филипп Паррено, Коракрит Арунанондчай, Тони Коукс, Уаңшуй (WangShui), Мерием Беннани және Люси Рейвен секілді суретшілердің жұмыстары негізге алынады. Сондай-ақ суретшілердің бейне, кеңістік, уақыт және дене арасындағы байланысты қалайша қайта ой елегінен өткізіп, көрме тәжірибесін қалай өзгерткені талданады.
PhD доктор Андреа Лиссони 2020 жылдан бері Haus der Kunst München музейінің көркемдік директоры қызметін атқарып келеді. Оның кураторлық бағдарламасы түрлі пәндер мен буындарды тоғыстыратын тәсілге негізделген. Бұл бағдарламада көркемдік тәжірибенің барлық бағыттары өзара тығыз байланыста қарастырылады. Оның өнер жолы 2022 жылдың сәуірінде TUNE атты дыбыс пен музыкаға арналған резиденциялар сериясынан басталды. Қозғалмалы бейне қашан да Лиссонидің зерттеу жұмысының өзегінде болды. Haus der Kunst музейінде ол Фудзико Накая, Dumb Type, Карстен Николай, Тони Коукс, Karrabing Film Collective, WangShui, Мередит Монк, Пан Дайцзин, Ребекка Хорн, Pussy Riot, Филипп Паррено және Стейна сынды суретшілердің көрмелерін ұйымдастырды. Бұған дейін (2013-2020) ол Лондондағы Tate Modern музейінде халықаралық өнер (кино) бөлімінің аға кураторы болды. Оған дейін (2009-2014) Миландағы HangarBicocca орталығында куратор қызметін атқарып, Джаникян Риччи Лукки, Рагнар Кьяртанссон, Майк Келли, Джоан Джонас және Филипп Парреноның көрмелерін ұйымдастырды. Tate Modern музейінде ол кино бағдарламасын жетекшілік етіп, көрсетілімдер мен перформанстарға 100-ден астам суретшіні шақырды. Сонымен қатар 2016 жылғы Филипп Парреноның Turbine Hall арнайы жобасын (Turbine Hall Commission), Джоан Джонас пен Брюс Науманның ретроспектив көрмелерін, сондай-ақ BMW Tate Live Exhibitions (2017 және 2018) жобаларын кураторлық етті. 2019 жылы ол Женевадағы Centre d'Art Contemporain Genève және Туриндегі OGR алаңдарында өткен Biennale de l'Image en Mouvement биенналесінің «Қираған экрандардың үні» (The Sound of Screens Imploding) жобасына бірлесе кураторлық етті. Сондай-ақ Өзбекстандағы алғашқы мемлекеттік заманауи өнер орталығы саналатын CCA Tashkent-тің халықаралық ашылуына қатысып, суретші Саодат Исмаилованың «Қорған шырағы» (Qo'rg'on Chiroq) атты жеке көрмесін ұйымдастырды.
Тағыда
Artist Talk: Саодат Исмаиловамен кездесу
14 тамыз, 2026
19:00
_edited.jpg)
_edited.jpg)
«Өнер әуендері» жобасы аясында өтетін дәстүрлі ән-күй концерті
Концерт
22 тамыз, 2026
16:30


