top of page

Artist Talk: Саодат Исмаиловамен кездесу

Untitled.png

2026 ж. 14 тамыз

Art event in Almaty.

Саодат Исмаиловамен Artist Talk және «Оның құқығы» фильмінің көрсетілімі: Орталық Азияның тарихы, жады мен поэтикалық кино эстетикасы. Билеттерді сайттан немесе музей кассасынан сатып алуға болады.
Тіркелу
Бағдарлама және тіркеу

Artist Talk кездесулеріне билеттерді музейдің сайты мен кассаларынан сатып алуға болады.


Саодат Исмаилова – өзбек кинорежиссері әрі суретші. Оның шығармашылығы жад, қабылдау, мифология және экрандағы бейненің өзара байланысын қаузайды. Орталық Азияның зияткерлік және ауызша дәстүрлеріне, сондай-ақ түстер, ғұрыптар мен тарихи мұрағаттарға сүйене отырып, ол ұмыттыру, саяси сілкіністер мен тарихи өзгерістер жағдайында білімнің түрлі формалары қалай сақталатынын зерттейді. Осы арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын жеке және ұжымдық сананың қалыптасу үдерісін зерделейді. Кино, инсталляция, мүсін және дыбыс сияқты әртүрлі көркемдік медиада жұмыс істейтін суретші деректі мен мифті, тарих пен өмірлік тәжірибені, көрінетін және көрінбейтін әлемдерді тоғыстыратын туындылар жасайды. Ол жадты жай ғана өткеннің ізі емес, шынайылықты үздіксіз қайта құрып отыратын тірі күш ретінде қарастырады.

Суретшінің бейнелеу тілі өзбек поэтикалық киносының дәстүріне сүйеніп, әсерлі көркем шешімдерді бай символизммен ұштастырады. Бұл ерекшеліктер музейдің Медиа залында ұсынылған «Оның құқығы» атты бір арналы фильмінен айқын көрінеді. Туынды 1924 жылы басталған кеңестік «Худжум» науқанын зерттейді. Классикалық өзбек фильмдерінен алынған кадрларды ой елегінен өткізе отырып, Исмаилова осы науқанның салдарын жан-жақты талдайды.

Тағыда

«Өнер әуендері» жобасы аясында өтетін дәстүрлі ән-күй концерті

22 тамыз, 2026
16:30

ALMA-SEO-banner.png

«Өнер әуендері» жобасы аясында өтетін дәстүрлі ән-күй концерті

15 тамыз, 2026
16:30

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page