top of page

Заманауи өнертану қайда?

Untitled.png

Lecture and Public Talks

2025 ж. 13 қараша

Almaty Museum of Arts пен New York University Орталық Азиядағы заманауи өнер тарихына арналған халықаралық ғылыми семинар бастады. 13–14 қарашада өтетін ашық бағдарламада Орталық Азия өнерінің тарихын жаңа қырынан қарастыратын пікірталастар мен панельдер ұйымдастырылып, онда феминистік және өзге де балама әдістемелер алға тартылады, сондай-ақ Африка-Азиялық өнер байланыстары сияқты аймақаралық шығармашылық диалогтар зерттеледі.
Untitled-13.jpg
Discover more
as a member
Join today

Getty Foundation қолдауымен ұйымдастырылған «Орталық Азиядағы заманауи өнертануды қалыптастыру» жобасы аймақтың заманауи және қазіргі заман өнерін бірлесе зерттеу үшін тәжірибелі және жас ғалымдар, кураторлар және суретшілердің басын қосып отыр. Almaty Museum of Arts өткізгелі отырған «Заманауи өнертану қайда?» аталатын алғашқы семинар Орталық Азиядағы өнер тарихын зерттеу мен оқытудың институционалды, тәуелсіз және бейресми жолдарын зерттейді. Семинар «Өнертану қайда жазылады, не үшін оқытылады және қалай насихатталады?» сынды маңызды сұрақтарды көтереді. Жабық сессиялар Қазақстандағы мұражайларды, тәуелсіз зерттеушілер топтарын және университет студенттерін пікір алмасу арқылы тәжірибе бөлісуге шақырады.


Бағдарлама кестесі


13 қараша

18:00-19:00


«Афро-Азиялық құрылымдар: ынтымақтастық шегінен тыс өнер»


Джоан Ки Инга Лацемен пікір алмасады


Өнер тарихы жаһанның аз бөлігін көзге ілмеу үшін басым бөлігінің көзқарасы арқылы қайта қалыптасатын боп шықса ше? Жаһанның басым бөлігі деген терминге келетін болсақ, ол 1950 жылдардан бері деколонизациялық күрестер арқылы қалыптасты, бұл дегеніміз әлемнің көп бөлігі өз шектеулерін әмбебап маңызға ие деп қате түсінетін жүйелер арқылы шеттетілгенін мойындау деген сөзге саяды.

Бұл баяндамада «Африка-Азия» ұғымы Африка мен Азияны қосатын тұрақты география немесе тіпті соғыстан кейінгі постколониал ынтымақтастық құруға бағытталған талпыныс ретінде қарастырылмай, оны бағдар көрсету, яғни, жол сілтеу әдісі ретінде көрсетеді. Дүниені бір тұрақты нүктеден абстракциялайтын карта орнына, бұл тәсіл көркем туындылар арасындағы байланысты бағдарлаушының аралдар арасында қозғалуына ұқсас түрде қозғай отырып, үнемі құбылмалы келетін ағындарға сәйкес өз позициясын қайта түзеуге көмектеседі.

Кесіп өту, өзара ықпалдасу бұрыштары, жақын тарту, оқиғалар сәйкестігі мен топология сынды бес құрылым арқылы біз күтпеген дүниелерге ұшырасамыз: 1933 жылы Си-Лан Ченнің Тринидадтан Қытай арқылы Ташкентке сапары, Советтік өнер мектептерінде ынтымақтастық үлгісін көрсеткен Мозамбик студенттері, Тянь-Шань шыңындағы Пол Робесонның бюсті. Бұл тек ескертпе жазбалар емес, жаһанның басым бөлігінің әрдайым өзін таныту жолдарын жүзеге асырғанының дәлелі іспетті.


19:00-19:30

«Орталық Азиядағы заманауи өнер тарихын қалыптастыру» жобасы және Getty ұйымының «Connecting Art Histories» бастамасы


Джоан Ки, Инга Лаце, Әнел Рақымжан


14 қараша

17:00-18:15


«Орталық Азия өнер тарихына жаңа көзқарас»


Аида Әділбек, Гузель Закир, Нигора Ахмедова, Геогрий Мамедов


Бұл шағын пікір бөлісу барысында спикерлердің жеке ғылыми және көркемдік тәжірибелеріне негізделген аймақтың өнер тарихы мен өнер теориясы мәселелері бойынша әртүрлі көзқарастар ұсынылады. Нигора Ахмедова XX-XXI ғасырлардағы Орталық Азияның өнер тарихының хронологиясындағы жалпы тақырыптарды және оларға мемлекет идеологиясының әсері жайлы тереңірек айтып кетеді. Аида Әділбек Қазақстандағы қазіргі заманауи өнер тарихының тілі және оның оқшаулану сипаттамалары туралы айтады. Гузель Закир кеңестік ұйғыр баспа және кітап мәдениетін зерттеуге, сондай-ақ кеңестік және пост-кеңестік кезеңдегі ұйғыр суретшілерінің шығармашылық дамуына негізделген өзінің соңғы «ҚЫЗЫЛ ТАҢ» атты көрмесі жайлы атап өтеді. Георгий Мамедов Орталық Азиядағы өнер тарихын «Тарихтың соңы» деп аталған кезеңде қалыптасқанын талқайды. Мамедов өнер тарихын ХХ және ХХІ ғасырлардағы кең тарихи зерттеулермен тығыз байланыстырудың қажеттігін атап өтіп, оны қоғамдық тарихтың бір түрі ретінде қарастырады. Бұл ойды ол өзбек суретшісі Шамсрой Хасанованың (1917–1956) XVIII–XIX ғасырлардағы Орталық Азия ақын әйелдерінің портреттері арқылы мысалмен түсіндіреді.


18:15-19:30


«Орталық Азиядағы әйелдердің өнер тәжірибесі: мәдени өндірістегі жүйе мәселелері»


Алима Тоқмергенова, Диана Ухина, Рахрав Омарзад, Ділдә Рамазан


Бұл презентацияда біз XX ғасырда пайда болған және бүгінге дейін жалғасын тауып дамып келе жатқан әйелдер өнер тәжірибелерінің Қырғызстан, Ауғанстан және Қазақстандағы әртүрлі мәдени және саяси парадигмаларын қарастырамыз. Сондай-ақ, әйелдер мәдени өнімділігіндегі жүйе мәселелеріне де назар аударылады.


19:35-20:30


«Орталық Азия өнерінің мұрағаты»


Алексей Румянцев, Юлия Сорокина, Алексей Улько


Топтың презентациясы әртүрлі мұрағаттық ресурстардың – суретшілер мұрағаттары, онлайн мұрағаттар және Орталық Азиядағы басылымдар, сондай-ақ суретшілердің жады мен тарихпен жұмыс істеудің жаңа тәсілдері – мәселелері мен қиындықтарына арналмақ. Көркем оқиғаларды құжаттау бойынша бірлесіп жұмыс істеген топ мүшелері мұрағаттық үдерістерді жаңарту жөнінде айқын көзқарас пен ұсыныс қалыптастырды. Пікір бөліс үш негізгі бағытта құрылмақ: топтың мұрағаттық өзара іс-қимылының жалпы шеңбері және қолданыстағы мұрағаттардағы өзекті мәселелерді айқындау (Сорокинаның баяндамасы); мұрағаттық басылымдар (Сорокина мен Улько); және мұрағат ретінде көркем ынтымақтастық үлгілері (Улько мен Румянцев).


Қатысушылар (алфавит бойынша):


Аида Әділбек (суретші, куратор; Ақжар, Қазақстан), Алексей Румянцев (суретші, өнер белсендісі және зерттеуші; Душанбе, Тәжікстан), Алексей Улько (өнер сыншысы, кинорежиссер; Ташкент, Өзбекстан), Алима Токмергенова (мәдениет зерттеушісі; Бішкек, Қырғызстан), Диана Ухина (мәдениет зерттеушісі, куратор, суретші; Бішкек, Қырғызстан), Ділдә Рамазан (куратор, PhD кандидат; Алматы, Қазақстан – Париж, Франция), Георгий Мамедов (куратор, жазушы, белсенді, PhD студент; Мельбурн, Аустралия), Гузель Закир (суретші, куратор; Алматы, Қазақстан), Нигора Ахмедова (доцент, куратор, өнертану PhD; Ташкент, Өзбекстан), Рахрав Омарзад (суретші, жазушы, педагог; Кабул, Ауғанстан – Франкфурт, Германия), Юлия Сорокина (доцент, куратор, өнертану PhD; Алматы, Қазақстан)



Ұйымдастырушылар:


Джоан Ки (Көркем өнер институтының директоры және профессоры, New York University; Нью-Йорк, АҚШ), Инга Лаце (бас куратор, Almaty Museum of Arts; Алматы, Қазақстан), Анел Рахимжанова (зерттеуші, PhD кандидат; Алматы, Қазақстан – Нью-Йорк, АҚШ)



bottom of page