top of page
DSC_1494.jpg

Şeberhana

Шеберхана – Almaty Museum of Arts музейіндегі көпсалалы шығармашылық кеңістік. Мұнда әртүрлі жастағы адамдар бас қосып, шығармашылықпен айналысып, жаңа дүниені үйрене алады. Шеберхана жұмысымен танысу үшін қалаған уақытыңызда келе аласыздар. Алда өтетін іс-шараларымыздан хабардар болу үшін бізге жазылып, қадағалап отырыңыздар.
 
Біз музейді болмысы сан алуан тұлғалар шабыт тауып, ойға шомып, өзін шығармашылық арқылы танытатын, өзгелермен байланыс орнатып, өмір бойы білімін толықтыратын орта деп білеміз.

Біз жайлы

DSC_1332.jpg

Біздің бағдарламаларымыз Орталық Азиядағы өнер мен қолөнердің мол тарихына негізделіп жасалған. Оларды жергілікті және халықаралық суретшілермен, сондай-ақ қалың жұртшылықпен бірлесе әзірлейміз. Өнер мен шығармашылықты жеке адамның да, тұтас қоғамның да әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін құрал ретінде қарастырамыз.

Бағдарламаларымыз өнер, дизайн, қолөнер және баспа графикасын қамтиды. Олардың қатарында бір реттік шығармашылық іс-шаралар, шеберлік сабақтары және семестрге созылатын курстар бар. Бұл бағдарламалар шығармашылық тәжірибе жасап көруге де, оларды жүйелі түрде меңгеріп, әрі қарай дамытуға да мүмкіндік береді.

Біз өнер мен көркем білімді көпшілікке барынша қолжетімді етуді көздейміз. Әр адам ізденіп, шығармашылықпен айналысып, жаңа нәрсе үйреніп, өз ортасын таба алатын әрі қайта-қайта келгісі келетін кеңістік қалыптастыруға ұмтыламыз. 

Мерзімі аяқталуға бір ай қалғанда біз сізге ұзарту туралы ескертпе жібереміз.
Dostar абонементін келесі жылға ұзартқан жағдайда, жаңа абонементті сатып алуға 10% жеңілдік беріледі (кассада мерзімі өткен картаны көрсеткен жағдайда).

 Ұзарту

Біздің миссиямыз

Біздің мақсатымыз – өнер мен көркем білімді көпшілікке қолжетімді етіп, адамдардың қайта-қайта келгісі келетін кеңістігін қалыптастыру. Мұнда келушілер ізденіп, шығармашылықпен айналысып, жаңа нәрсе үйреніп, өз ортасын таба алады.

Şeberhana-ға музейдің жұмыс уақытында бас сұғып, бағдарламаларымыздың кестесімен танысыңыз. Жаңа қатысушыларды әрдайым қуана қарсы аламыз.

Give as a gift

Біздің форматтар

Aşyq Şeberhana

​#AşyqŞeberhana: Ашық Шеберхана – біздің еркін форматтағы (drop-in) арт белсенділігіміз. Бұл белсенділікке қатысуға ешқандай жас шектеуі жоқ және (тіпті әсіресе!) шығармашылыққа енді ден қойғандар да келе алады.

 Artist Spotlight

 #ArtistSpotlight:  Almaty Museum of Arts мұражайы екі айда бір рет өз коллекциясындағы бір суретшіге арналған күн өткізеді. Сол күні автордың әлемі мен шығармашылық мұрасын тереңірек танып-білуге бағытталған талқылаулар, экскурсиялар, кино көрсетілімдері және уоркшоптары ұйымдастырылады.

 Бізбен бірге жаса

​#BizbenBirgeJasa: Бізбен бірге жаса – біздің балалар мен ересектерге арналған ақылы арт-уоркшоптарымыз. Бұл уоркшоптарды арнайы шақырылған суретшілер, дизайнерлер мен шеберлер мұражай коллекциясындағы жұмыстар мен өзінің көркемдік тәжірибесінен шабыт ала отырып өткізеді.

  • 2 ересек

  • Барлық базалық артықшылықтар

  • Мұражайға жеке-жеке келу мүмкіндігі

Жанұялық Жексенбі

​#JanuyalyqJeksenbi: Жанұялық Жексенбі (каз. семейное воскресенье) – данные платные арт-активности предназначены для совместного семейного времяпрепровождения. Дети, родители, сестры и братья, бабушки и дедушки, тети и дяди, кіндік шешелер и әкелер – мы ждем всех.

Жұп

65 000 ₸

Жұп

65 000 ₸

Отбасы

90 000 ₸

  • 2 ересек + 3-тен көп емес бала саны

  • Барлық базалық артықшылықтар

  • Отбасылық және балаларға арналған бағдарламалар

Премиум

150 000 ₸

  • 1 ересек + 2 қонақ

  • Барлық базалық артықшылықтар

  • Жабық іс-шаралар мен орын таңдау артықшылығы

Кімге арналған

DSC06605.jpg

Біз әр адам өнер атаулыдан өзіне шабыт тауып, көргені мен түйгенін ой елегінен өткізіп, өзін танытып, өзгелермен араласып, өмір бойы жаңа нәрсе үйрене алатын орта құруға ұмтыламыз.

bottom of page