top of page
Almaty Museum of Arts ашылу бағдарламасы

Almaty Museum of Arts ашылуы мерекелік форматта өтпек. Ашылуында түрлі іс шаралар мен көпшілік бағдарламалар болады. Мұражай Ұлы Музыка кітабының авторы, ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің есімін иеленген Әл-Фараби даңғылында орналасқан, соған орай бағдарлама Орталық Азияның дәстүрлі ақын-жырауларының бай мұрасына сүйене отырып ойластырылған. Әр іс-шара мұражайда ырғақты біртұтас композиция құрайтын ерекше үн сияқты, ал бүкіл бағдарлама оркестрлік құрылым секілді жоспарланған.

Discover more
as a member
Дыбыстық және хорегографиялық қойылымдар, кинокөрсетілімдер мен ауызша сөз арқылы жасалған эксперименттер көпқырлы сезім әлемін қалыптастырады. Олар келушілерді қабылдау шекарасын кеңейтуге, уақытты өзгеше сезінуге және таныс дүниеден тысқары тыңдауға шақырады. Алматы қаласына арналған қонақжайлық ырғағы ретінде ойластырылған бұл мәдениетаралық бағдарлама мұражай кеңістіктерін жандандырып, көрерменмен терең әрі әсерлі байланыстар орнатады.
Бұл мұражайды Алматының мәдени өмірінің ажырамас бөлшегіне айналдырып, келбеті өзгеріп келе жатқан қалаға жаңа тыныс сыйлайды.
Ашу бағдарламасының кураторы — Анна Давидян.
bottom of page