top of page
KZ
фото конактар.jpg

Өткен іс-шаралар

Алматы өнер мұражайының іс-шаралар мұрағаты. Өткізілген дәрістер, шеберханалар және мәдени бағдарламалар.

Сондай-ақ қараңыз: барлық көрмелер.

ALMA baige.png

…

Nobai: Musinder

Ай сайынғы сурет салу үйірмесі

22 қазан, 2026
16:00-19:00 (кез келген уақытта)

«Мүсіндер» көрмесінің ашылуына орай, оларды жаңа қырынан танып-білуге шақырамыз. Карточкалардағы тапсырмаларды орындап, «Мүсіндер» әлемін бізбен бірге зерттеп көріңіздер.

ALMA baige.png

…

ALMA Storytime

Балаларға арналған кітап оқу және шығармашылық клубы

21 қазан, 2026
11:30-12:15

Бұл айда «Van Dog» кітабының кейіпкерлерімен бірге жарқын саяхатқа аттанамыз — кітаптағы қызықты бөлшектерді зерттеп, көңілді кейіпкерлерді тауып, өнер әлемінен шабыт аламыз.

ALMA baige.png

…

Куратор көзқарасы: Лусия Агирре, Guggenheim Bilbao

​

21 қазан, 2026
19:00 - 20:30

Бильбао – төзім мен өзгерістің, қалаберді қауымдастықтың мызғымас бірлігінің арқасында қалыптасқан шаһар, бұл жерде мәдениет атаулы қаланың жаңаруына қуатты серпін берген. Бұл өзгерістің өзегінде тұрған Гуггенһайм Бильбао музейі сәулет өнерінің бірегей туындысы ғана емес, ортақ мұрат пен мәдени өміршеңдіктің символына айналды. Оның әсері музей қабырғасымен шектелмей, Бильбао мен Баск елінің бүкіл өңірінде білім мен шығармашылықтың дамуына, азаматтық мақтаныштың қалыптасуына және кең ауқымды мәдени ортаның өркендеуіне ықпал етіп келеді. Бүгінде Бильбаоның осы тәжірибесі мәдениетке салынған инвестицияның қауымдастықтарды нығайтып, ұлттық және жергілікті бірегейлікті ұлықтауға, адамдарды өзара жақындастырып, өмірге қуат беретін, байланысы берік болашақ құруға жол ашатынын көрсетеді.

ALMA baige.png

…

Болашақтың музейлері мен қалалары

Конференция

20.10
09:00–18:00

Испания мен Қазақстандағы музей директорлары, кураторлар, сәулетшілер, урбанистер, ағартушылар мен зерттеушілердің бастарын бір алаңда қосқалы отырған «Болашақтың музейлері мен қалалары» конференциясы мәдени мекемелердің қазіргі қалаларды жаңғырту үдерісіне қалай атсалыса алатынын қарастырады.

ALMA baige.png

…

Craft Night

Ай сайынғы қолөнер клубы

20 қазан, 2026
18:00-20:00 (кез келген уақытта)

Бәріміз жиналып, «Коралина» фильмін тамашалап, шебер шешей боп қолөнермен айналысып, шығармашылыққа шабыттандырар атмосфералы кино кеш өткізейік.

bottom of page