
Өткен іс-шаралар
Алматы өнер мұражайының іс-шаралар мұрағаты. Өткізілген дәрістер, шеберханалар және мәдени бағдарламалар.
Сондай-ақ қараңыз: барлық көрмелер.
.jpg)
…
Nobai: Musinder

…
ALMA Storytime
.png)
…
Куратор көзқарасы: Лусия Агирре, Guggenheim Bilbao
21 қазан, 2026
19:00 - 20:30
Бильбао – төзім мен өзгерістің, қалаберді қауымдастықтың мызғымас бірлігінің арқасында қалыптасқан шаһар, бұл жерде мәдениет атаулы қаланың жаңаруына қуатты серпін берген. Бұл өзгерістің өзегінде тұрған Гуггенһайм Бильбао музейі сәулет өнерінің бірегей туындысы ғана емес, ортақ мұрат пен мәдени өміршеңдіктің символына айналды. Оның әсері музей қабырғасымен шектелмей, Бильбао мен Баск елінің бүкіл өңірінде білім мен шығармашылықтың дамуына, азаматтық мақтаныштың қалыптасуына және кең ауқымды мәдени ортаның өркендеуіне ықпал етіп келеді. Бүгінде Бильбаоның осы тәжірибесі мәдениетке салынған инвестицияның қауымдастықтарды нығайтып, ұлттық және жергілікті бірегейлікті ұлықтауға, адамдарды өзара жақындастырып, өмірге қуат беретін, байланысы берік болашақ құруға жол ашатынын көрсетеді.

…
Болашақтың музейлері мен қалалары
Конференция
20.10
09:00–18:00
Испания мен Қазақстандағы музей директорлары, кураторлар, сәулетшілер, урбанистер, ағартушылар мен зерттеушілердің бастарын бір алаңда қосқалы отырған «Болашақтың музейлері мен қалалары» конференциясы мәдени мекемелердің қазіргі қалаларды жаңғырту үдерісіне қалай атсалыса алатынын қарастырады.
.jpg)