top of page

Атом улаған дала қонақтары

Untitled.png

2026 ж. 2 маусым

Билет алу

Art event in Almaty.

«Қонақтар» көрмесінде «Невада – Семей» антиядролық қозғалысының мұрағаттан алынған бейнематериалдары ұсынылады. Ол деректер кеңестік кезеңдегі жасырын ядролық сынақтардың қазақ даласына қалдырған тарихи әрі экологиялық ізін еске салады.
Тіркелу
Бағдарлама және тіркеу

«Қонақтар» көрмесінде «Невада – Семей» антиядролық қозғалысының мұрағаттан алынған бейнематериалдары ұсынылады. Ол деректер кеңестік кезеңдегі жасырын ядролық сынақтардың қазақ даласына қалдырған тарихи әрі экологиялық ізін еске салады. Қозғалыс 1989 жылы жергілікті бастама ретінде белең алса да, ақыр аяғы трансұлттық ынтымақтастыққа ұласты. Оның атауының өзі Семей мен Неваданы өзара байланыстырып тұр. Бұл Америкада байырғы халықтар мекендеген жерлермен рухани үндестікті аңғартады. Өйткені ядролық сынақтар көбіне көп әлемнің түкпір-түкпірінде осындай байырғы жұрт мекендеген жерлерде жүргізіледі.



Бағдарлама доктор Тоғжан Қасенованың дәрісімен ашылады. Ол марапатқа лайықты деп танылған «Атом улаған дала: Қазақстанның бомбадан бас тарту жолы» атты еңбектің авторы (Stanford University Press). Кеңестік ядролық сынақтарға қарсы күрес -  ең әуелі шалғайдан келіп көмек қолын созған дәрігерлер, журналистер, белсенділер сынды түрлі ортадан шыққан қарапайым адамдардың хикаясы. Осы оқиғалар арқылы Қасенова көрме өзегіндегі басты сауалға үңіледі: бұл далаға кім келді, оларды кім шақырды және олар өзімен бірге не ала келді? Бірі зорлық пен қанаудың өкілі болып келсе, енді бірі бұрын-соңды көрмеген қауыммен жақындасуға ұмтылып, ынтымақ пен жанашырлық ала келген еді.



Дәрістен кейін Алмагүл Меңлібаева аталған тақырыпқа қатысты ойын ортаға салады. Оның 2013 жылы түсірілген «Курчатов 22» атты терең мазмұнды жұмысы бұған дейін Almaty Museum of Arts-та өткен «Мен бәрін түсінемін» жеке көрмесінде өнер сүйер қауым назарына ұсынылған болатын. Ал täuelxsız ұжымы Тоғжан Қасенованың кітабына үн қосу мақсатында түсірілген бейнежұмысын ұсынады. Кеш соңында ынтымақтастық, сондай-ақ осы қозғалысқа қатысқан суретшілер, ақындар мен жалпы қоғамның рөлі жайлы панельдік ойталқы өтеді. Кездесуді Зарина Ахматова жүргізеді.



«Қонақтар» қоғамдық бағдарламасы – музейдің алғашқы «Қонақтар: Almaty Museum of Arts коллекциясынан көрме» экспозициясымен қатар өтіп жатқан іс-шаралар топтамасы. Бұл бағдарлама көрмеде қамтылған негізгі тақырыптар мен жинақтағы жекелеген туындыларға тереңірек үңілу мақсатында ұйымдастырылып жүр. Қонақжайлық дәстүрі, тағам саясаты мен диаспора тақырыптарын қамтыған алдыңғы кездесулерден кейін бұл жолғы бағдарлама да өңірдің қат-қабат тарихынан өрбіген сан алуан оқиғалар мен тәжірибелерді зерделеуді жалғастырады.



Іс-шара Friedrich-Ebert-Stiftung Central Asia қорының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Кездесу қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Қатысу тегін, алдын ала тіркелу қажет.



Бағдарлама:



19:00 - 19:05 – Қонақтарды қарсы алу


19:05 - 19:35 – «Атом улаған дала қонақтары: “Невада – Семей” антиядролық қозғалысының трансұлттық ынтымақтастығы» атты дәріс

Оқитын:  Доктор Тоғжан Қасенова


19:35 - 19:50 – Täuelxsiz видеотуындысының көрсетілімі


19:50 - 20:30 – Панельдік ойталқы: Тоғжан Қасенова, Алмагүл Меңлібаева, Шәкербану Мырзаханова, Руслан Жұбаныш

Болатбек Балтабек туралы бейнеүзінді (4–5 минут).

Модератор: Зарина Ахматова


20:30 - 21:00 – Сұрақ-жауап



Қатысушылар мен олардың өмірбаяндары:



Доктор Тоғжан Қасенова – Алматы тумасы, ядролық саясатты зерттеп жүрген халықаралық дәрежедегі маман. Ол марапатқа лайықты деп танылған «Атом улаған дала: Қазақстанның бомбадан бас тарту жолы» атты еңбектің авторы (Stanford University Press/FES Kazakhstan/Steppe & World Publishing).



Шәкербану Мырзаханова – антиядролық белсенді, Семейдегі «Полигон 21» қоғамдық бірлестігі басқармасының құрылтайшысы.



Алмагүл Меңлібаева – бейнеөнер, фотосурет және инсталляция бағыттарында жұмыс істейтін заманауи суретші. Оның шығармалары әйелдің қоғамдағы орны мен болмысы, экология және неоколониализм сынды тақырыптарды қаузайды. Сондай-ақ ол туындыларына ежелгі дүниетаным мен мифологияны арқау етеді, өңірдің құбылмалы келбетін санқырлы көзқарас ұстана отырып қайта ой елегінен өткізуге жол ашады.



Руслан Жұбаныш – поэзия, перформанс, видеожәне деректі бағытта жұмыс істейтін суретші, продюсер әрі журналист. Ол жад, экологиялық әділет және әлеуметтік мәселелердізерттейтін пәнаралық täuelxsız жобасының негізін қалаушы.

Тағыда

ALMA-SEO-banner.png

01 Jul 2024

01 Jul 2024

ALMA-SEO-banner.png

01 Jul 2024

01 Jul 2024

ALMA-SEO-banner.png

01 Jul 2024

01 Jul 2024

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page