top of page

Қонақтар: Жөн-жоралғыны сүйемелдейтін әуен

Untitled.png

Дәріс

2026 ж. 20 маусым

Art event in Almaty.

«Қонақтар» қоғамдық бағдарламасы аясында этномузыкатанушы ғалым Саида Елеманова музыка өнерінің әдет-ғұрып пен дәстүрлі дүниетанымдағы орны жайлы дәріс оқиды.
Тіркелу
Бағдарлама және тіркеу

«Қонақтар» қоғамдық бағдарламасы аясында этномузыкатанушы ғалым Саида Елеманова музыка өнерінің әдет-ғұрып пен дәстүрлі дүниетанымдағы орны жайлы дәріс оқиды.



Жөн-жоралғыны сүйемелдейтін әуен бұл жерде көркемдік тәсілдер жүйесі, сазгер мақамы немесе сарын, ырғақ, дыбыс қатары мен тембр тұрғысынан емес, ұлт дүниетанымының феномені ретінде қарастырылады. Халық ұғымында әдет-ғұрып пен жөн-жоралғы – материалдық және рухани әлемнің түйісетін ең шешуші сәті. Оның киелі, қасиетті саналуы да, фольклор мен дәстүрлі өнерде қамтылатын тақырып пен сюжеттің мол болуы да осы таным-түсініктен бастау алады.



«Қонақтар» қоғамдық бағдарламасы – музейдің алғашқы «Қонақтар: Almaty Museum of Arts коллекциясынан көрме» экспозициясымен қатар өтіп жатқан іс-шаралар топтамасы. Бұл бағдарлама көрмеде қамтылған негізгі тақырыптар мен жинақтағы жекелеген туындыларға тереңірек үңілу мақсатында ұйымдастырылып жүр. Қонақжайлық дәстүрі, тағам саясаты мен диаспора тақырыптарын қамтыған алдыңғы кездесулерден кейін бұл жолғы бағдарлама да өңірдің қат-қабат тарихынан өрбіген сан алуан оқиғалар мен тәжірибелерді зерделеуді жалғастырады.



Іс-шара орыс тілінде өтеді.



Елеманова Саида Абдрахимқызы, этномузыкатанушы ғалым, өнертану саласының докторы (2021), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының музыкатану және композиция кафедрасының профессоры. Мәдениет қайраткері атағымен екі мәрте марапатталған.Қазақтың дәстүрлі музыкасы мен түркі халықтарының музыкалық мұрасы туралы 100-ден астам ғылыми жарияланым авторы. Еңбектері Ұлыбритания, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Францияда жарық көрген. Көптеген халықаралық конференциялар мен семинарлардың ұйымдастырушысы әрі қатысушысы. 10-нан астам Халықаралық дәстүрлі музыка фестивалін ұйымдастырған. Әртүрлі халықтардың дәстүрлі музыкасы жазылған 30-дан астам музыкалық жинақ құрастырған. Қазақтың дәстүрлі музыкасына арналған «Саз құдіреті» толықметражды фильмінің сценарий авторы әрі продюсері, сондай-ақ қазақтың дәстүрлі ән өнері туралы он бейнежазбаның авторы. Қазақстан Республикасының Материалдық емес мәдени мұраны сақтау жөніндегі ұлттық комитетінің мүшесі (2012).

Тағыда

«Қазақфильммен» бірлескен мультипликациялық фильмдер көрсетілімі

23 маусым, 2026 16:00
28 маусым, 2026 16:00

ALMA-SEO-banner.png

Almaty Museum of Arts пен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясының музыкалық маусымы

Камералық концерт

6 июня, 2026
16:00

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page